Зайсан ауданына қарасты Біржан және Сарытерек ауылдарында жаңа өрт сөндіру бекеті ашылып, қолданысқа берілді. Нысан өрт пен төтенше жағдай кезінде жедел әрекет етуге мүмкіндік беріп, деп хабарлайды F16.kz ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Біржан ауылында «Ауыл құтқарушылары» 238-ші ерікті өртке қарсы құралымы ашылды. Оның құрылысына бюджеттен тыс шамамен төрт миллион теңге қаражат жұмсалған. Жаңа бекет жалпы саны 2 мыңнан асатын үш елдімекеннің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Мұнда тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған. Еріктілер арнайы оқытудан өтіп, ал бекет өрт сөндіру техникасымен, қажетті құрал-жабдықтармен, байланыс құралдарымен және арнайы киіммен қамтамасыз етілді. Бұл жергілікті тұрғындарға негізгі бөлімшелер келгенге дейін, оқиғаның алғашқы минуттарында көмек алуға мүмкіндік береді.
Сарытерек ауылындағы өрт сөндіру бекетіне демеушілік көмек аясында бюджеттен тыс 5,74 млн теңге қаражат бағытталды. Мұнда бір ауысымда екі құтқарушы мен өрт сөндіру көлігінің жүргізушісінің жұмыс істейді.
Нысандардың ашылуына Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметов, Зайсан ауданындағы жергілікті атқарушы органдар мен ТЖД өкілдері, қоғам белсенділері және ауыл тұрғындары қатысты.
Қауіпсіздік жүйесі өңірдегі барлық елдімекенді қамтуы тиіс. Осы тұрғыдан алғанда, ауылдарда өртке қарсы қызметтің қолжетімділігін арттыру – маңызды міндеттердің бірі.




