Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев елімізде 7 айда көлік апаттарынан 176 бала қайтыс болғанын мәлім етті, деп хабарлайды F16.kz Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
Көз жұмған балалардың жартысынан көбі жолаушы болған, қалғаны жаяу жүргінші, велосипедші, самокатшы немесе мопед жүргізгендеріп апатқа ұшыраған.
Комитет басшысының айтуынша, көп жағдайда балалар көлік ішінде балаға арналған қауіпсіздік құрылғылары мен (автокресло, бустерлер, адаптерлер және т. б.) қауіпсіздік белдіктерін қолданбау салдарынан қаза болған.
Жол апатында көбіне жаяу жүргінші-балалардың өздері кінәлі болып жатады, Ал ең өкініштісі, жолды кез-келген жерден немесе бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кету жиі тіркеледі. Кейбір балалар тіпті жолдан өтерде жан-жағына қарау керек екенін ұмытып кетеді, себебі бұрылыстан көлік шығып қалуы мүмкін. Ал қараңғы мезгілде, әсіресе ымырт түскенде жүргізушілер жаяу жүргіншілерді байқамай қалуы мүмкін. Өйткені олар киімдеріне жарық шағылыстыратын элементтерді қолданбайды. Сондықтан балаларға өте сақ болуды және көлік жүргізушісі жол берегеніне көз жеткізуін үнемі түсіндіріп отыруымыз керек, — деді Қайсар Сұлтанбаев.




