Облыс орталығында әуесқой командалар арасында футбол жарысы өтеді, деп хабарлайды F16.kz.
Өскемендіктер жыл сайын тамыздың соңында қос мерекені қатар атап өтеді. Еліміздегі басты мемлекеттік мерекелердің бірі Конституция күнімен қатар, Шығыстың бас шаһарында қала күні тойланады.
Биыл екі бірдей мерекенің қарсаңында әуесқой футбол командалары Өскеменде бас қоспақ.
Жарыс 24 тамыз күні сағат 09:00-де Комсомол аралында өтеді.




