Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Жауапты басқармалар мен жергілікті әкімдіктердің өкілдері қатысқан қабылдауда азаматтар баспанамен қамту, ТҮКШ, жол және кәсіпкерлікке қатысты мәселелерді көтерді, деп хабарлайды F16.kz.
Аймақ басшысының қабылдауына келгендердің бірі — Марина Сальникова. Ол «KMM TAS» ЖШС карьерінен қиыршық тас тасымалдайтын ауыр жүк көліктерінің қарқынды қозғалысы салдарынан Ново-Явленка ауылындағы жолдардың бүлініп жатқанына шағымданды.
Бұған қатысты тексеру жүргізіп, егер аталған факті расталған жағдайда тиісті шаралар қабылдау қажет, — деді облыс әкімі.
Тұрғындардың өтініші бойынша жағдай бақылауға алынады.




