23 тамыз күні Үлбі көпірінде бірнеше көлік соқтығысқан жол-көлік оқиғасы болып, бір адам зардап шекті, деп хабарлайды F16.kz.
ШҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Протозанов көшесі бағытында келе жатқан Mercedes-Benz көлігінің жүргізушісі сол жақ жолаққа ауысу кезінде маршруттық автобуспен соқтығысқан. Салдарынан Mercedes-Benz трамвай жолдарынан өтіп, қарсы бағытта келе жатқан Toyota Camry автокөлігіне соғылған.
Медициналық көмек қажет болған Toyota Camry жолаушысы бірден медициналық мекемеге жеткізілді. Қазір аталған факті бойыншп қажетті сараптамалар тағайындалды, — деді ШҚО ПД баспасөз қызметі.




