2025 жылғы 15 қыркүйектен бастап республикалық маңызы бар ақылы автожолдарда төлем ережелері өзгерді. Соған сәйкес талапқа сай келмейтін учаскеде жол жүру тегін болады, ждеп хабарлайды F16.kz.
Көлік министрлігінің мәлімдеуінше, қазір елімізде барлығы 27 ақылы жол бар. Ақылы автожолда жол қозғалысы қауіпсіздігіне әсер ететін және жөндеуді талап етіп тұрған жол учаскесі болса, дәл сол аралық үшін жөндеу жұмыстары толық аяқталғанға дейін төлемақы алынбайды.
Егер ақылы жол учаскесінің жалпы ұзындығы 100 шақырым болса, оның 5 шақырымы жөндеуді талап етсе, онда жол бойындағы ақаулар жойылғанға дейін жүргізушілер тек 95 шақырым үшін ғана төлейді, – делінген министрлік хабарламасында.
Ұлттық оператор жолдардың жағдайын үнемі бақылайды. Жүргізушілер егер ақылы жол бойынан ақау байқаса тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 нөміріне қоңырау шалып, хабарлай алады.
Жаңа ереже республикалық және халықаралық маңызы бар барлық ақылы жолдарға қолданылады.




