F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жас өнертапқыштардың жобалары көпшілікке таныстырылды — ШҚО

Lazzat Kanatqyzy Lazzat Kanatqyzy
19.11.2026, 11:59
IT, Жаңалықтар
Фото: Oskemen Hub

Фото: Oskemen Hub

Oskemen Hub алаңында жас өнертапқыштар бас қосты. Pizza Pitch іс-шарасына қатысушылар жасанды интеллект, ауыл шаруашылығы және цифрлық қызметтер саласындағы инновациялық шешімдерін көпшілікке таныстырып, үздіктер анықталды, деп хабарлайды F16.kz.

Pizza Pitch — перспективалы идеяларды көпшілікке таныстыруға мүмкіндік беретін алаң. Алдын ала іріктеуден өткен 10 команда сарапшылар алдында технологиялық шешімдерін ұсынып, олардың практикалық маңызы мен болашақ даму мүмкіндіктері туралы баяндады.

Нәтижесінде, Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларынан құралған OnAiTynys командасы үздік деп танылып, 200 000 теңге ақшалай сыйлыққа ие болды. Аталған команда балаларда түнгі уақытта демікпе ұстамасының туындау қаупін ерте анықтауға арналған жасанды интеллект негізіндегі тағылатын құрылғы әзірлеген. Жүйе баланың тыныс алуын, жүрек соғысын және қандағы оттегі деңгейін бақылап, қауіп жоғарылаған жағдайда ата-анасына хабарлама жібереді. Әзірлеушілер құрылғының прототипін жасап, сынақтан өткізді. Сондай-ақ 12 отбасымен сұхбат жүргізіп, сұраныс бар екенін де анықтаған.

Екінші орынды «Чак-Чак» командасы иеленді. Олар ауыл шаруашылығын цифрлық басқаруға арналған интеллектуалды платформаны көпшілікке таныстырды. Жүйеде топырақ жағдайын бақылайтын датчиктер, спутниктік суреттер және жасанды интеллект технологиялары қосылған. Бұл фермерлерге егістік алқаптарының жағдайын бақылауға, өнімділік көрсеткіштерін талдауға және ауыл шаруашылығы процестерін оңтайландыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар платформада егістік алқаптарының интерактивті картасы, тапсырмаларды басқару жүйесі және жасанды интеллект көмекшісі бар Telegram-бот қарастырылған.

Ал, үшінші орынға ие болған PrintUp командасыжоғары оқу орындарында құжаттарды жылдам басып шығаруға арналған автоматтандырылған өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдарының желісін әзірлеген. Пайдаланушылар Telegram-бот арқылы файл жіберіп, Kaspi немесе Freedom арқылы төлем жасап, дайын құжаттарын бірнеше секунд ішінде ала алады. Платформа мәтіндер мен құжаттарды өңдеуге арналған жасанды интеллект құралдарымен де жабдықталған. Қазіргі уақытта қалада төрт басып шығару нүктесі жұмыс істеп тұр.

Pizza Pitch іс-шарасы —  өңірлік стартап экожүйесін дамытуға, дарынды жастарды қолдауға және жаңа технологиялық бастамалардың қалыптасуына ықпал етеді, — дейді ұйымдастырушылар.

Қатысушылар осы арқылы өз жобаларын сарапшылар қауымдастығына таныстырып қана қоймай, кәсіби ұсыныстар, қаржылық қолдау және жобаларын одан әрі дамытуға қажетті жаңа мүмкіндіктер алды.

Тегтер: Білім және ғылымжас өнертапқыш
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент: Егіннің бітік болуы — молшылық пен тоқшылықтың кепілі

Президент: Егіннің бітік болуы — молшылық пен тоқшылықтың кепілі

20.11.2026, 14:57
Ветеринарлардың жалақысы өседі — ШҚО

Ветеринарлардың жалақысы өседі — ШҚО

20.11.2026, 11:30
Шемонаиха ауданында  учаскелік полиция пункті ашылды

Шемонаиха ауданында учаскелік полиция пункті ашылды

20.11.2026, 10:32
Үлескерлер қаражатын жеке мақсатта пайдаланған компания сотқа тартылды — ШҚО

Үлескерлер қаражатын жеке мақсатта пайдаланған компания сотқа тартылды — ШҚО

20.11.2026, 09:51

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент: Егіннің бітік болуы — молшылық пен тоқшылықтың кепілі

20.11.2026, 14:57

Ветеринарлардың жалақысы өседі — ШҚО

20.11.2026, 11:30

Шемонаиха ауданында учаскелік полиция пункті ашылды

20.11.2026, 10:32

Үлескерлер қаражатын жеке мақсатта пайдаланған компания сотқа тартылды — ШҚО

20.11.2026, 09:51

Гематология орталығының емделушілерге есігі қашан ашылады?

19.11.2026, 17:28

ШҚО-да мұғалімін балағаттаған оқушы айыппұл төлейтін болды

19.11.2026, 16:22

Жемқорларға аяушылық болмайды — Тоқаев

19.11.2026, 15:07

Ертең Күршім ауданының мәдени күндері өтеді

19.11.2026, 15:05

Жоғары білімнің дамуы ЖИ технологияларымен тығыз байланысты болары анық — Қасым-Жомарт Тоқаев

19.11.2026, 14:18

Жас өнертапқыштардың жобалары көпшілікке таныстырылды — ШҚО

19.11.2026, 11:59

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

imunify-bot-check
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған