Өскемен қаласында тағы да жол-көлік оқиғасы орын алды. Қазақстан және Нұрмағамбетов көшелерінің қиылысында екі адамды көлік қағып кеткен, деп хабарлайды F16.kz.
Жүргізушінің жеке басы анықталды. Жәбірленушіге сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Нәтижесіне байланысты процессуалдық шешім қабылданады, — дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Бейресми деректерге сүйенсек, кинотеатрдан шыққан әйел мен кәмелетке толмаған қыз бағдаршамның жасыл жарығына өткен сәтте, бұрылыс жасап келе жатқан көлік екеуін қағып кеткен. Оқиға салдарынан екеуі де жарақат алды.




