Өскеменде бүгін тағы да ауа ластанады, деп хабарлайды F16.kz.
6 қазан күні сағат 20.00-ден 7 қазан сағат 20.00-ге дейін қалыптасқан қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты екінші дәрежелі ескертуі жарияланады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.




