4 қараша күні Металлургтер көшесіндегі аулалардың бірінен 57 жастағы ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды F16.kz.
Полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, бірден қолға түсірген. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды
Алдын ала анықталған деректер бойынша, қылмыс тұрмыстық сипатта болған, — деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Қазір аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.




