F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Ауыл мен туризмге берілген мүмкіндік

Nurjan Kenjeuly Nurjan Kenjeuly
03.12.2025, 15:04
Аудан айнасы, Катонқарағай, Туризм, Экономика
Ауыл мен туризмге бағытталған мүмкіндік

Фото: F16.kz

Бүгінде өңірде ауыл халқының кәсіпкерлік белсенділігін қолдауға және агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға бағытталған «Ауыл аманаты» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру сәтті жалғасын тауып жатыр. Бағдарламаның негізгі мақсаты – ауыл халқына шағын несие беруді қамтамасыз ету, жаңа жұмыс орындарын құру, кооперацияны дамыту және ауылдық жерлерде өмір сүру деңгейін арттыру, деп жазады F16.kz.

Ресми деректерге сүйенсек, 2023-2025 жылдары облысымызда жалпы құны 4 035,1 миллион теңгенің 400 жобасы қаржыландырылып, 597 жұмыс орны ашылды. Биыл 1,5 миллиард теңгеге 115 жаңа жоба мақұлданды. Оның 38-і ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері арқылы іске асырылып жатыр.

Бағдарлама шарттарындағы тиісті бағыттарда өз кәсібін ашамын деушілерге шағын несие беру көзделген. Шағын несие мерзімі – 5 жыл, мал шаруашылығы жобаларына 7 жылға дейін беріледі. Катонқарағай ауданында да «Ауыл аманаты» бағдарламасы ауыз толтырып айтарлықтай нәтиже беруде.

– Аудандағы туристік әлеуетті ескере отырып, былтырдан бастап бағдарламадағы басымдық туризмге ауыстырылды. Өткен жылы 113,67 миллион теңгеге 9 жоба мақұлданды. Оның ішінде туризмге 6 жобаға 93,7 миллион теңге, өндірістік цехтар ашуға 2 жобаға 11,5 миллион теңге, ауыл шаруашылығы саласында 1 жобаға 8,57 миллион теңге мақұлданды. Жаңадан 13 жұмыс орны құрылды. Биыл бағдарлама аясында 281,2 миллион теңгеге 24 жоба мақұлданды, бұл көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда, екі есеге көп. Туризм саласында 216,35 миллион теңгеге 18 жоба, өндірісте 17,9 миллион теңгеге 3 жоба, қайта өңдеуде 17,6 миллион теңгеге 2 жоба, ауыл шаруашылығында 22 миллион теңгеге 1 жоба қолдау тапты, – дейді аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Жанна Асқарова.

Білгеніміздей, ауданда «Ауыл аманаты» бағдарламасына Катонқарағай, Жамбыл, Өрел, Белқарағай, Аққайнар ауылдық округтерінің тұрғындары белсенді қатысып отыр. Мәселен, Катонқарағай ауылдық округінде жалпы сомасы 131,37 миллион теңгені құраған 10 жоба мақұлданған. Оның ішінде туризм бойынша 106,2 миллион теңгенің 6 жобасы, өнеркәсіпте – 3 (17,9 миллион теңге), ауылшаруашылығында 3 жоба (7,27 миллион теңге) оң шешімін тапқан.

Жамбыл мен Өрел ауылдық округтерінде туризм бағытында барлығы 10 жоба, Белқарағай мен Аққайнар округтерінде туризм мен қайта өңдеу бойынша бір-бір жобадан қатысып отыр.

Аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі өкілдерінің айтуынша, 2024 жылдан бастап туризмге жіті ден қойылып, биыл соның нәтижесі анық байқалған. Өз кезегінде бұл аудандағы туризмнің дамуына, жаңа жұмыс орындарының құрылуына және экономикалық белсенділіктің өсуіне айтарлықтай ықпал еткен.

Онан бөлек, өңіріміздегі туризмнің қанат жаюына оң әсерін тигізетін міндеттердің қатарында Берел ауылында салынатын визит-орталық та бар. Бұл нысан отандық туризмді дамытуда маңызды қадам болмақ.

– Мұндай орталықтар саяхатшылардың өздері бағыт алған өңірлерімен бірінші болып байланыс орнататын орын саналады. Орталықтар туристерге жергілікті жерді бағдарлап, ең тиімді маршрутты таңдауға, белсенді демалыс пен мәдени іс-шаралар туралы білуге көмектеседі. Визит-орталықтан көлік қатынасы, тамақтану және орналастыру орындары бойынша кеңес алуға, сондай-ақ туристік карталар мен басқа да ақпараттық материалдарды тегін пайдалануға болады. Қызмет көрсету қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Бұл орталықтың қызметін шетелдік туристер де еркін пайдалана алады. Орталық туристердің жайлы әрі қауіпсіз демалуына жағдай жасап, өңірлік брендтерді дамытуға, қызмет көрсету саласындағы шағын және орта бизнесті дамытуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал етеді. Нәтижесінде визит-орталық аудандағы ішкі және сырттан келу туризмін жүйелі дамыту құралдарының біріне айналады, – дейді аудандық туризм бөлімінің өкілдері.

Қорыта айтқанда, «Ауыл аманаты» – ауылға серпін, елге береке әкелген бағдарлама. Еңбек пен ынтаны ұштастырған жоба бүгінгі ауылдың келбетін жаңартып, ертеңге деген сенімді нығайта түсті. Аманаттың ақталғаны – ел игілігі мен берекелі тіршіліктің айғағы.

Серік Абай

Тегтер: «Ауыл аманаты»F16Катонқарағай ауданынесиеТуризм
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10
Өскеменде 136 отбасы жаңа пәтердің кілтіне ие болды

Өскеменде 136 отбасы жаңа пәтердің кілтіне ие болды

08.07.2026, 10:03
«Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі»: фестивальге жан-жақты дайындық жүріп жатыр

«Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі»: фестивальге жан-жақты дайындық жүріп жатыр

08.07.2026, 09:16
Катонқарағайда халықтық спорт ойындары басталды

Катонқарағайда халықтық спорт ойындары басталды

07.07.2026, 15:09

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

Аi-Sana: Қазақстандық студенттер 440-тан астам ЖИ-жоба әзірледі

08.07.2026, 16:09

ШҚО өңірлік мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығына жаңа басшы тағайындалды

08.07.2026, 14:05

Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы

08.07.2026, 13:09

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

08.07.2026, 12:00

ШҚО-да туристік бағыттардағы жолдар жаңартылып жатыр

08.07.2026, 11:42

Өскеменде 136 отбасы жаңа пәтердің кілтіне ие болды

08.07.2026, 10:03

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған