Облыс әкімінің жеке қабылдауына келген Балауса Бақытжанқызы Катонқарағай ауданындағы Рахман қайнары аумағында мейрамхана бизнесін дамытқысы келетінін жеткізді, деп хабарлайды F16.kz.
Балауса Бақытжанқызы — Риддер қаласындағы тұрғындар мен шетелдік туристер арасында сұранысқа ие «Bal-Uyz» этномейрамханасын қамтитын мейрамханалар желісінің иесі.
Кәсіпкер жуықта ғана жаңа жол пайдалануға берілген Рахман қайнары аумағындағы мейрамхананы жалға алу және оның қызметін одан әрі дамыту мүмкіндігін талқылауды ұсынды.
Бұл жобаны жүзеге асыру қызмет көрсету сапасын арттырып, аталған аумақтың туристік тартымдылығын күшейтуге мүмкіндік береді деп ойлаймын, — дейді ол .
Аймақ басшымы жауапты басқарма басшысына бизнес иесінің ұсынысын жан-жақты зерделеуді тапсырды.
ШҚО әкімі әрбір тұрғынның мәселесін мұқият тыңдап, жіті түсіндіріп, заң шеңберінде тиісті шаралар қабылданатынын жеткізді. Әр өтініш бойынша жағдай бақылауға алынды.




