Ауа райының күрт бұзылуына байланысты Шығыс Қазақстан облысында жол апаты көбейді. Өскеменнің өзінде бір күнде 24 жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды F16.kz.
24 қараша күні облыс аумағында 30 жол-көлік оқиғасы болды, соның 24-і Өскемен қаласында тіркелді, – деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Мамандардың айтуынша, әдетте облыс орталығында бір күнде 10 шақты көлік апаты болатын. Статистикалық көрсеткіштің бұлайша күрт өсуіне ауа райының қолайсыздығы әсер еткен.




