31 желтоқсан күні 20:00-ден 1 қаңтар сағат 02:00-ге дейін Өскеменде бірнеше көше жабылады, деп хабарлайды F16.kz.
Жол қозғалысы жаңажылдық іс-шаралардың өтуіне байланысты тоқтатылады.
Төмендегі учаскелерде жол қозғалысы шектеледі:
- Қазақстан көшесі — Қайсенов көшесінен Қабанбай батыр көшесіне дейін;
- Горький көшесі — Бейбітшілік көшесінен Пермитин көшесіне дейін;
- Нұрмағамбетов көшесі — Чехов көшесінен Пермитин көшесіне дейін;
- Үлбі жағалауы (Красин көшесінен Шәкәрім даңғылына дейін) жабылады.




