Шығыс Қазақстан облысында ҚР Парламенті Сенатының депутаты Шәкәрім Бұқтұғұтов пен облыстық мәслихат депутаттарының қатысуымен мазмұнды кездесу өтті. Жиын барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму бағыттары, мемлекеттік саясаттың басымдықтарын жергілікті деңгейде тиімді іске асыру мәселелері кеңінен талқыланды, деп хабарлайды F16.kz.
Кездесуде қатысушылар өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын дамыту, кәсіпкерлікті қолдау, халықты жұмыспен қамту, инфрақұрылымды жаңғырту және облыс аумағындағы елді мекендерде өмір сүру сапасын арттыруға қатысты өзекті мәселелерді жан-жақты қарастырды.
Сонымен қатар мемлекеттік органдардың рөлін күшейтуге, өңірлердің шешім қабылдау үдерісіне кеңінен қатысуына бағытталған парламенттік реформалардың маңыздылығы атап өтті.
Шәкәрім Бұқтұғұтов жергілікті атқарушы органдар тарапынан көтерілген ұсыныстар мен бастамалардың республикалық деңгейде заңнамалық шешімдер қабылдауда маңызды негіз болатынын жеткізді.
Кездесу қорытындысында тараптар Шығыс Қазақстанның орнықты дамуын қамтамасыз ету жолында өзара түсіністік пен сындарлы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екендерін білдірді.




