F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жаңа Конституция: адам құқығын қорғаудың жаңа кезеңі — Аяужан Әшімова

F16 F16
04.03.2026, 17:24
Жаңалықтар, Заң, Қоғам, Өскемен
Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Ел өміріндегі маңызды саяси-құқықтық құжат – Конституцияға жобасы қызу талқыланып жатыр. Құжатты әзірлеу барысында конституциялық комиссия ауқымды жұмыс атқарды. Жаңа жобада адам құқығын қорғау тетіктерін күшейту, сөз еркіндігін бекіту, дәстүрлі құндылықтарды нақтылау, экология мәселесін конституциялық деңгейде айқындау секілді өзгерістер қамтылған. Осы орайда конституциялық комиссия құрамында жаңа заң жобасын талқылауға қатысқан Шығыс Қазақстан облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Аяужан Әшімовамен сұхбаттасқан едік.

– Конституция жобасын талқылауға қоғам қаншалықты қатысты?

– Жаңа Конституция жобасын нағыз халықтық Ата заң деп айтуға толық негіз бар. Себебі, 130 адамнан тұратын конституциялық комиссия мүшелерінен бөлек ел азаматтары тарапынан заң жобасына қатысты мыңнан астам ұсыныс келіп түсті. Ауқымды талқылау өтті. Тікелей эфирде көрсетілген отырыстардан басқа да қаншама қыруар жұмыс жүргізілді.

– Негізгі өзгерістер қандай?

– Басты өзгеріс – адам құқығының қорғалуы. Оның ішінде азаматтардың ар-ожданының аяққа тапталмауы, сөз және ой еркіндігі басты құндылық ретінде қарастырылған. Сондай-ақ жаңа заң жобасында неке туралы нақты түсінік берілгенін айтуға болады. Яғни, неке ер мен әйелдің ерікті және тең құқылы одағы деп жазылған. Бұл біздің дәстүрлі құндылықтарды құқықтық деңгейде қорғауға бағытталған.

– Қоғам өкілдері тарапынан қандай сұрақтар жиі қойылады?

– Көп қойылатын сұрақтардың бірі – жыл сайынғы еңбек демалысы туралы баптың жаңа жобадан алынып тасталуы. Қолданыстағы Конституцияда азаматтардың еңбек демалысына қатысты әрекеті шектеліп тұрған. Ал жаңа жобада осы шектеу алынды. Есесіне мұның бәрін Еңбек кодексі арқылы реттеуге мүмкіндік туып отыр. Өйткені Еңбек кодексінде еңбек қатынастары жан-жақты, тәптіштеп тұрып жазылған. Онда жыл сайынғы еңбек демалысы ғана емес, басқа да демалыс түрлері толық қамтылған.

Қоғамды мазалайтын мәселенің тағы бірі – экология. Бұл да жаңа Конституция мәтінінде преамбуласынан (кіріспе – ред.) бастап қазақстандықтар қоршаған ортаны қорғайтын, оны аялайтын халық екені бірнеше мәрте жазылған. Яғни, әрбір азамат, әрбір мекеме табиғатты қорғап, сақтауға тиіс делінген. Сонымен қатар әр адам экологиясы жақсы ортада өмір сүруге құқылы деп көрсетілген. Бұл не береді? Егер жаңа Конституция қабылданған жағдайда еліміздің әр азаматы ертеңгі күні экологияға қатысты мәселе туындаса өзінің құқығы бұзылғаны туралы конституциялық сот деңгейінде өтініш бере алады.

Жалпы, азаматтар қойып жатқан сұрақтар өте көп және әртүрлі. Ата заң – аты айтып тұрғандай елдегі барлық заңдардың іргетасы, негізі. Ары қарай Конституцияны басшылыққа ала отырып басқа заңдар жазылатындықтан болашақта елдің көкейіндегі сұрақтар салалық заңдарда көрініс тауып, тиісті өзгертулер мен толықтырулар енгізілетін болады.

– Әлеуметтік желілерде жарияланған жазбаларды оқысақ, кейбір адамдар жаңа заңға сенімсіздікпен қарайтын сияқты. Алаңдаушылық білдіріп жатқандар бар. Себебі не деп ойлайсыз?

– Иә, оны көріп, біліп отырмыз. Сол үшін ел ішінде түсіндіру жұмысы жүргізіліп жатыр. Жұрттың бәрі заңгер емес, кейбір мәселені дұрыс түсінбей қалады. Сондықтан түсініспеушіліктер болады. Айталық, “жеріміз бөлініп, шетелдіктерге беріліп кете ме екен” деп қауіп ойлайтын адамдар бар. Біз оларға бәрін заң аясында түсіндіреміз. Қазақстан – унитарлы мемлекет, жеріміз бөлінбейді. Мемлекеттік тіліміз қазақ тілі. Оны да ешкім тартып ала алмайды. Сондықтан уайымдаудың қажеті жоқ.

– Сонымен сөзімізді түйіндесек, жаңа Конституция халыққа не береді?

– Ең бастысы азаматтарға құқығын қорғауға, сақтауға және талап етуге мүмкіндік береді. Бұл ретте адвокатураның өзі институт ретінде алғаш рет Ата заңға енгізіліп отыр. Бұл дегеніміз де, бұрын қандай да бір адамға айып тағылса, тергеп-тексеру аяқталғанша адвокат іске кіріспейтін. Ал жаңа жобада адвокат алғашқы мәттен бастап қорғауындағы адамға көмектесе алады. Сонымен қатар “Миранда қағидаты” қабылданады. Яғни, бір адамға айып тағылған жағдайда оған өзінің қандай құқығы бар екені еске салынады. Бұл да азаматтардың құқығын қорғау бағытындағы үлкен қадам деуге болады. Айта берсек жаңа Конституция жобасының артықшылықтары өте көп.

– Әңгімеңізге рақмет!

Тегтер: F16адам құқығыАта заңӘшімоваКонституциялық реформаРеферендум
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

ШҚО-да жарты жылда 21 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді

ШҚО-да жарты жылда 21 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді

09.07.2026, 09:00
Бұқтырма су қоймасындағы паром өткелі күшейтілген жұмыс режиміне көшеді

Бұқтырма су қоймасындағы паром өткелі күшейтілген жұмыс режиміне көшеді

09.07.2026, 08:00
Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51
«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайлауалды үгіт материалдарын орналастырудың шарттары және тәртібі туралы ақпараттық хабарлама

09.07.2026, 18:28

ШҚО-да жарты жылда 21 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді

09.07.2026, 09:00

Бұқтырма су қоймасындағы паром өткелі күшейтілген жұмыс режиміне көшеді

09.07.2026, 08:00

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

Аi-Sana: Қазақстандық студенттер 440-тан астам ЖИ-жоба әзірледі

08.07.2026, 16:09

ШҚО өңірлік мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығына жаңа басшы тағайындалды

08.07.2026, 14:05

Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы

08.07.2026, 13:09

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған