F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ – болашақтың университеті

admin_f16 admin_f16
23.01.2025, 19:01
Білім мен ілім

Қаңтар айы – талапкерлер үшін маңызды кезең. ҰБТ тапсырумен қатар, олар жоғары оқу орнының таңдауын да шешуі керек. Көпшілігі бірден елорда мен Алматыдағы университеттерге назар аударып, аймақтағы жоғары оқу орындарының мүмкіндіктерін ескермей жатады. Алайда Өскемендегі Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті (ШҚУ) – сапалы білім мен үлкен мүмкіндіктер ұсынатын жетекші оқу орындарының бірі. Биыл 73 жылдығын атап өтетін бұл университет сан мыңдаған білікті маман даярлап, ел болашағына зор үлес қосып келеді.

Бүгінде ШҚУ 112 білім беру бағдарламасын, 4 жайлы жатақхананы, сондай-ақ студенттердің әлемнің 200-ден астам университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасымен білім алу мүмкіндігін ұсынады. Осы артықшылықтары оны болашақтың университеті деп атауға негіз болады.

Инклюзивті білім берудегі көшбасшылық

С.Аманжолов атындағы ШҚУ – Шығыста инклюзивті білім беруді дамытуға алғаш қадам жасаған университет. Мұнда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған авторлық әдістемелік құралдар әзірленіп, дефектолог мамандарға қажетті арнайы жабдықтар жасалады.

Сонымен қатар университет жанынан ашылған «Dana bala» үздіксіз және инклюзивті білім беру орталығы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға педагогикалық және психологиялық көмек көрсетумен айналысады. Орталықта «Эргопедагогика», «Ерте қолдау педагогикасы» сынды бірегей білім беру бағдарламалары жүзеге асырылады.

Халықаралық рейтингтердегі жоғары көрсеткіштер

ШҚУ түрлі халықаралық және ұлттық рейтингтерде үздіктер қатарынан көрініп келеді:

National H-index Ranking – 2024 рейтингінде ғылыми әлеуеті жоғары университеттер тізімінде 36-орын иеленді.

 UI Green Metric World University Ranking рейтингінде 13-орынға тұрақтады.

Webometrics рейтингінде Қазақстан бойынша – 47-орын, әлемдік рейтингте 18491-орынға ие болды.

QS Stars Rating System халықаралық рейтингісінде «4 жұлдыз» белгісін алды, бұл университеттің әлемдік білім беру стандарттарына сай екенін көрсетеді.

Студенттер жетістігі – университет мақтанышы

ШҚУ студенттері түрлі салада үлкен жетістіктерге жетіп жүр:

Антон Бондарев – фристайл-могулдан Дүниежүзілік қысқы универсиадада күміс жүлде иеленді. 

Бағым Балтабаева – «Қазақстан аруы – 2024» байқауының жеңімпазы.

Ақмарал Науатбек – Париждегі Паралимпиада ойындарының чемпионы, қазір осы университеттің магистратурасында оқып жатыр.

Әділет Кәрібай, Жігер Сәрсенбаев, Дінмұхаммед Серікбай сынды белсенді студенттер қала және облыс әкімдіктерінің алғыс хаттарына ие болған.

Ғылым мен инновацияны дамыту

ШҚУ ғылым мен инновацияға ерекше көңіл бөледі. Университет ғалымдары 2024-2026 жылдарға арналған ғылыми жобаларды қаржыландыру байқауында 630 миллион теңгенің 6 жобасын жеңіп алды.

Сонымен қатар университетте ғылым мен инновацияны дамыту мақсатында «Shygys Bastau» технопаркі ашылды. Министр Саясат Нұрбектің қатысуымен ашылған бұл орталық бүгінде ғылыми жобалар мен стартаптарды жүзеге асыру алаңына айналды.

 «Серпін-2050» бағдарламасы арқылы білім алу мүмкіндігі

ШҚУ еліміздің оңтүстік өңірінен келген жастар үшін «Серпін-2050» бағдарламасын ұсынады.

 2014 жылдан бері бұл жоба аясында 1200-ге жуық түлек университетті аяқтап, аймақта жұмыс істеп жатыр.

 Қазіргі таңда 444 студент осы бағдарлама бойынша білім алуда.

 Жұмысқа орналасу көрсеткіші – 98%, бұл ел бойынша жоғары көрсеткіштердің бірі.

Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ – аймақтық университет қана емес, еліміздің жоғары білім беру жүйесіндегі жетекші оқу орындарының бірі. Инклюзивті білім беру, ғылымдағы жетістіктер, халықаралық рейтингтердегі жоғары орындар мен талантты студенттері университетті болашақтың университеті деп атауға толық негіз бар.

Әмина Бақытбекова

Фото автордікі

 

 

БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Шығыс Қазақстанда Tomorrow School жобасы іске қосылды

Шығыс Қазақстанда Tomorrow School жобасы іске қосылды

24.04.2026, 17:00
Ерекше балалар – ерекше назарда: Өскеменде инклюзивті білім берудің болашағы талқыланды

Ерекше балалар – ерекше назарда: Өскеменде инклюзивті білім берудің болашағы талқыланды

23.04.2026, 17:40
Өскемендік оқушы халықаралық Менделеев олимпиадасында күміс жүлдегер атанды

Өскемендік оқушы халықаралық Менделеев олимпиадасында күміс жүлдегер атанды

23.04.2026, 12:57
RES 2026: ШҚТУ экология мен технологияны тоғыстырған модель ұсынды

RES 2026: ШҚТУ экология мен технологияны тоғыстырған модель ұсынды

22.04.2026, 18:00

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Айналма жолдың ортасынан ер адамның денесі табылды – Өскемен

27.04.2026, 17:38

ШҚО-да қан тапсырғандарға берілетін төлемақы мөлшері артты

27.04.2026, 17:00

Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз болуға тиіс — Аида Балаева

27.04.2026, 16:23

Шымкент халқы Шығысты таңдап отыр: биыл оңтүстіктен 200 адам көшіп келуге ниетті

27.04.2026, 16:00

Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді

27.04.2026, 15:22

Өзен трамвайларын жаңа маусымға дайындап жатыр – Өскемен

27.04.2026, 15:01

Қазақстанда өндірісті локализациялау бойынша жаңа келісімдерге қол қойылды

27.04.2026, 14:30

Марқакөл мен Зайсанда салынатын казинолар қалай жұмыс істейді?

27.04.2026, 14:00

Арбатта тұрғындарға тегін құқықтық және қаржылық кеңес береді

27.04.2026, 12:41

Үлкен Нарында 4 мыңнан астам тұрғын сенбілікке қатысты

27.04.2026, 12:23

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған