F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Мектеп бітіруші түлектер Өскемен аллеясына 2400 көшет екті

F16 F16
02.05.2026, 14:03
Жаңалықтар, Өскемен
Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Шығыс өңірінде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық қозғалысы жаңа деңгейге көтерілді. Облыс орталығының көрікті жерлерінің бірі – «Өскемен» аллеясында болашаққа бағдарланған айрықша акция өтті. Мектеп бітіруші түлектер, ұстаздар қауымы мен облыс басшылығы тізе қосып, 2,5 мыңға жуық қылқан жапырақты ағаш көшетін екті, деп хабарлайды F16.kz.

Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Бұл экологиялық бастама жай ғана ағаш отырғызу науқаны емес, жастардың туған қаласына деген шексіз құрметі мен азаматтық жауапкершілігінің көрінісі болды. Шараға арнайы қатысқан аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов игі істің тәрбиелік мәніне тоқталды.

Қазір біз табиғатты аялауды, атамекенге деген перзенттік махаббатты және ертеңгі күнге деген зор жауапкершілікті біріктірген игілікті істің куәсі болып отырмыз. Әрбір жерге егілген көшет – бұл өңіріміздің экологиялық болашағына салынған инвестиция және қаламыздың көркейе түсуіне қосылған нақты үлес.

Бүгін Өскеменде 2400-ден астам мектеп бітіруші түлек көшет отырғызды. Демек, осынша бала өзінің туған қаласымен тамырлас болды деп айта аламыз. Әрбір түлек өзі еккен талын ұмытпауы керек. Кейін отбасылы болғанда өзінің балаларын осында әкеліп, еккен ағашын көрсетеді. «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» деген қазақта сөз бар. Ағаш отырғызу тек табиғатқа жанашырлық емес, экономикалық тұрғыдан да пайдалы іс. Мемлекет басшысы ұдайы айтып келеді, «Таза Қазақстан» деген бұл – әр адамның ішкі жан-дүниесінің, мәдениетінің көрінісі. Ал ішкі мәдениеті жоғары жастардан болашақта елге тұтқа болар мықты азаматтар шығады, – деді Нұрымбет Сақтағанов.

Білім нәрімен сусындатқан қара шаңырақтан қанат қаққалы тұрған түлектерге бұл акцияның мәні бөлек. Оларға бұл көшеттер балалық шақпен қоштасу мен үлкен өмірдің басталуын айшықтайтын символдық белгі іспетті.

Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Сіздердің алдыңыздан өмірдің жаңа парағы ашылғалы тұр. Бүгінгі отырғызған ағаштар сол бағыттың айқын символы болмақ. Мына көшеттермен бірге сіздер де өсіп-өркендеп, ел игілігі жолында аянбай еңбек ететіндеріңізге сенімдімін, – деді аймақ басшысы.

Акцияның басты ерекшелігі – әрбір егілген шырша белгілі бір түлекке бекітілді. Бұл әдіс жастардың өз еңбегінің нәтижесіне деген жанашырлығын арттырып, оны күтіп-баптауға деген ынтасын оятады.

Бүгін біз, облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-лицей-интернатының түлектері «Таза Қазақстан» акциясы аясында аймақ басшысымен бірге «Өскемен» аллаясында көшет ектік. Бұл арқылы біз қаланы көркейтуге атсалысып қана қоймай, қоғамның экологиялық мәдениетін көтеруге үлес қосып жатырмыз. Осындай игі бастамалр біз сияқты жастардың рухани дамуына зор ықпал етеді, – деді 11-сынып оқушысы Әмина Серік.

Игі шараны ұйымдастырушылардың пікірінше, «Таза Қазақстан» бастамасы аясындағы бұл шара Өскеменнің табиғатын жақсартып, қоғамда экологиялық сананың берік орнығуына әсер етеді. Осылайша, Шығыс Қазақстанда көгалдандыру жұмыстары жаңа серпінмен жалғасып, қаланың эстетикалық келбеті де жаңарып келеді.

Тегтер: F16көшет егуӨскемен аллеяСақтағановТаза ҚазақстантүлектерШҚО әкімі
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51
«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10
ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01
8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

Аi-Sana: Қазақстандық студенттер 440-тан астам ЖИ-жоба әзірледі

08.07.2026, 16:09

ШҚО өңірлік мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығына жаңа басшы тағайындалды

08.07.2026, 14:05

Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы

08.07.2026, 13:09

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

08.07.2026, 12:00

ШҚО-да туристік бағыттардағы жолдар жаңартылып жатыр

08.07.2026, 11:42

Өскеменде 136 отбасы жаңа пәтердің кілтіне ие болды

08.07.2026, 10:03

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған