Премьер-министр Олжас Бектенов Өскемендегі кәсіпорындардың бірінде болған жарылысты жеке бақылауына алды, деп хабарлайды F16.kz порталы «ҚазАқпарат» агенттігіне сілтеме жасап.
Біріншіден, Өскеменде болған жарылысқа қатысты таңертең қажетті тапсырмаларды бердім. Төтенше жағдайлар, Экология министрліктері, облыс әкімдігі қажетті шаралар қабылдап, маған баяндаңыздар. Мәселе менің жеке бақылауымда болады, — деді Үкімет отырысын ашқан Премьер-министр.
Бұған дейін жазғанымыздай, Өскемендегі ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының бірі «Казцинк» ЖШС-да жарылыс болып, соңы өртке ұласқан.




