F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Шығысқазақстандық оқушылар Азия чемпионатына жолдама алды

Madina Kainarova Madina Kainarova
02.07.2026, 18:34
Жаңалықтар, Спорт
Фото: Айбарша Сахуанның отбасылық архиві

Фото: Айбарша Сахуанның отбасылық архиві

Шығыс Қазақстан облысының жас өнертапқыштары халықаралық робототехника чемпионатында жоғары нәтиже көрсетіп, Қазақстан атынан Азия чемпионатына қатысу мүмкіндігіне ие болды, деп хабарлайды F16.kz сайты.

30 маусым – 1 шілде күндері Алматы қаласында өткен Almaty Tech Cup XII: Age of AI халықаралық чемпионаты биыл 3000-нан астам қатысушының басын қосты. Қазақстанның барлық өңірлерінен және шетелден келген мектеп оқушылары, студенттер мен жас инженерлер робототехника, жасанды интеллект, дрон технологиялары, киберқауіпсіздік, аэроғарыш және өзге де 14 бағыт бойынша бақ сынады.

Беделді додада FIRST LEGO League Challenge санатында өнер көрсеткен «RoboSpark» командасы үздік атанып, Алматы қаласы әкімінің кубогын иеленді. Бұл жеңіс командаға чемпиондық атақпен қатар, Қытай Халық Республикасының Бейжің қаласында өтетін Азия чемпионатына жолдама сыйлады.

Команда құрамында Шығыс Қазақстан облысының үш талантты оқушысы өнер көрсетті. Олар – облыстық мамандандырылған IT мектеп-лицейінің 4-сынып оқушысы Әмина Кенжеханқызы, Өскемен қаласындағы Абай атындағы №33 орта мектептің 10-сынып оқушысы Інжу Кенжеханқызы және осы мектептің 9-сынып оқушысы Іңкәр Кенжеханқызы.

Бір ерекшелігі – үш оқушы да бір отбасының балалары. Апалы-сіңлілі жас өнертапқыштардың халықаралық чемпионатта бір команда құрамында жеңіске жетіп, Азия біріншілігіне жолдама алуы – өңір үшін айтулы жетістік.

Чемпионат барысында қатысушылар инженерлік жобаларын қорғап, роботтарды бағдарламалау, автономды жүйелерді әзірлеу, дрондарды басқару және жасанды интеллект технологияларын қолдану бойынша өз білімдері мен тәжірибелерін ортаға салды.

Енді шығысқазақстандық оқушылар Бейжіңде өтетін Азия чемпионатында Қазақстанның намысын қорғайды. Бұл жетістік өңірдегі инженерлік білім беру мен робототехника бағытының қарқынды дамып келе жатқанын тағы бір мәрте дәлелдейді.

Оқушылардың тәлімгері жас өнертапқыштарға алдағы халықаралық додада сәттілік тілеп, ел абыройын асқақтататын жаңа жеңістерге жететініне сенім білдірді.

БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51
«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10
ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01
8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

Аi-Sana: Қазақстандық студенттер 440-тан астам ЖИ-жоба әзірледі

08.07.2026, 16:09

ШҚО өңірлік мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығына жаңа басшы тағайындалды

08.07.2026, 14:05

Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы

08.07.2026, 13:09

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

08.07.2026, 12:00

ШҚО-да туристік бағыттардағы жолдар жаңартылып жатыр

08.07.2026, 11:42

Өскеменде 136 отбасы жаңа пәтердің кілтіне ие болды

08.07.2026, 10:03

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған