6 қыркүйек күні Өскемен қаласында Kazzinc Family Run ауқымды спорттық-ойын-сауық фестивалі өтеді, деп хабарлайды F16.kz.
Kazzinc Family Run — жай ғана жүгіру жарысы емес, бүкіл отбасыға арналған мерекелік фестиваль. Тегін стартқа балалар мен ересектер, кәсіби спортшылар мен кез келген қала тұрғыны қатыса алады.
Фестиваль бағдарламасында балаларға, ересектерге, отбасыларға және скандинавиялық жүріс әуесқойларына арналған бірнеше бағыт қарастырылған.
Сондай-ақ Kazzinc Family Run алаңында қатысушылар мен қонақтарды көңілді әрі мазмұнды бағдарлама күтеді.
Фестиваль барысында:
- музыкалық бағдарлама;
- әріптестер ұсынған интерактивті аймақтар;
- балалар мен ересектерге арналған байқаулар мен ойын-сауықтар;
- аниматорлар мен аквагримерлер;
- DJ бағдарламасы;
- тамақтану аймағы ұйымдастырылады.
Сонымен қатар жарыс қатысушыларын түрі сыйлықтар мен жағымды тосын сыйлары күтеді.
Шараның басты мақсаты — балалар мен ересектер арасында бұқаралық спортты дамыту, отбасымен бірге салауатты өмір салтын насихаттау және халықтың денсаулығын нығайтуға бағытталған бастамаларды қолдау.
Жарысқа қатысу үшін алдын ала тіркелу қажет.
Тіркелу: minimarathon.kz
Старттық жиынтықтарды тарату:
- 5 және 6 қыркүйек 2026 жыл Hayat Hospitality Oskemen қонақ үйі
Қосымша ақпарат:
- www.minimarathon.kz
- info@minimarathon.kz
- Instagram — @minimarathon.kz
- +7 (701) 101 91 10 (WhatsApp)




