Облыс орталығында тағы да қолайсыз метеорологиялық жағдайлар туралы ескерту жарияланды, деп хабарлайды F16.kz.
10 қыркүйекте метеорологиялық жағдайлар атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді.
9 қыркүйек сағат 20:00-ден 10 қыркүйек 20:00-ге дейін Өскемен қаласы бойынша күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ҚМЖ туралы бірінші дәрежелі ескерту сақталады, – делінген хабарламада.
Айта кетейік, бүгін де облыс орталығында бірінші дәрежелі қолайсыз метеожағдай жарияланған. Сутегі сульфиді мен күкірт диоксиді шекті рұқсат етілген концентрациядан асқан.




