3–4 қазан күндері Астанада Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Елорда тұрғындары мен қонақтары үшін Шығыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері ұсынған 150 тоннадан астам өнім жеткізіледі, деп хабарлайды F16.kz.
Жәрмеңке Астана қаласындағы Қарқаралы көшесі, 1 мекенжайында орналасқан ипподром аумағында ұйымдастырылады. Сауда алаңы екі күн бойы таңғы сағат 07:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді.
Іс-шараға Өскемен қаласы мен Шығыс Қазақстан облысының 11 ауданынан ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер және қайта өңдеу кәсіпорындары қатысады.
Жәрмеңкеде елорда тұрғындары мен қонақтарына 50-ден астам өнім түрі ұсынылады. Олардың қатарында ет және ет өнімдері, сүт өнімдері, балық, бал, өсімдік майы, жарма, шұжық өнімдері, қымыз, ұлттық тағамдар және басқа да тауарлар бар.
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, өнімдер нарықтағы бағадан 15–20 пайызға төменбағамен сатылмақ. Бұл елорда тұрғындарына Шығыс Қазақстанда өндірілетін сапалы ауыл шаруашылығы өнімдерін тиімді бағамен сатып алуға мүмкіндік береді.
Ұсынылатын өнімдер қатарында:
- бал – 60 тонна;
- өсімдік майы – 25 тонна;
- мал және құс еті – 37,5 тонна;
- сүт өнімдері – 10 тонна;
- балық және балық өнімдері – 9 тонна;
- шұжық өнімдері – 6,5 тонна;
- қымыз және ұлттық өнімдер – 2 тонна;
- алкогольсіз сусындар – 500 литр;
- панты өнімдері – 0,5 тонна.




