Катонқарағай ұлттық паркін екі мыңнан астам елік мекендейді. Ұлттық парк қызметкерлері еліктердің суретін және қардағы ізін жариялады, деп хабарлайды F16.kz.
– Кейінгі есеп бойынша Катонқарағай ұлттық паркін екі мыңнан астам елік мекендейді. Бұл көрсеткіштің артында инспекторлардың күнделікті жұмысы тұр: аумақты аралау, жануарларды бақылау, браконьерлер әрекетінің алдын алу. Осылайша, күн сайын еліктер өздерінің табиғи ортасында тыныш өмір сүре алатын жағдайл жасалады», – деп мәлімдеді Ұлттық парк.




