F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

ШҚО-да жыл басынан бері 630 шақырым жол жөнделді

Оразай Жеңісұлы Оразай Жеңісұлы
03.11.2026, 10:32
Жаңалықтар
фото: gov.kz (сурет көрнекілік үшін алынды)

фото: gov.kz (сурет көрнекілік үшін алынды)

Шығыс Қазақстанда автокөлік жолдарының сапасын жақсарту, көлік қатынасын дамыту және жол бойындағы сервисті жетілдіру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Облыстық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметіне сүйенсек, осы жылы облыста республикалық маңызы бар 330 шақырым және жергілікті маңызы бар 300 шақырым жол жөнделді. Жалпы алғанда, 630 шақырым жол жөнделді, деп хабарлайды F16.kz.

Қазір Шығыс Қазақстанда бірнеше маңызды жоба жүзеге асырылып келеді. Атап айтқанда, «Өскемен-Алтай-Рахман қайнарлары» тасжолындағы Тереңсай асуын айналып өтетін жаңа жол пайдалануға берілді. Өскемен қаласында салынып жатқан жолайрықтың Қаныш Сәтбаев даңғылына қарай бағытталған бөлігінде техникалық қозғалыс ашылды. Сондай-ақ Ертіс өзені арқылы өтетін жаңа көпір салу жобасын іске асыру басталды.

Аталған жобалар өңіраралық және ауданаралық көлік қатынасын жақсартуға, жол жүру уақытын қысқартуға және қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.

Аймақта жол жөндеу жұмыстарының сапасына да ерекше назар аударылып отыр. Осы мақсатта Жол активтері сапасының ұлттық орталығымен келісімшарттар жасалып, нормативтік талаптардың сақталуын бақылау күшейтілді. Зертханалық зерттеулердің нәтижелері бойынша тиісті шаралар қабылдау және бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуын бақылау үшін облыстық жұмыс тобы құрылды. Оның құрамына мемлекеттік органдардың, қала және аудан әкімдіктерінің, автокөлік жолдарының сапасын бақылайтын ұйымдардың өкілдері енді. Автожол саласын дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында ҚР Көлік министрлігімен де бірлескен жұмыс жүргізілуде.

Жол инфрақұрылымын цифрландыру бағытында E-Joldar бірыңғай платформасы аясында облыстық маңызы бар автокөлік жолдарына кешенді диагностика жасалып, олардың цифрлық паспорттары әзірленді. Биыл бұл жұмыс аудандық маңызы бар жолдар мен елді мекендердің көше-жол желісінде жалғасуда.

Тағы бір маңызды мәселе — ауыр жүк көліктерінің жолға түсіретін салмағын бақылау. Автокөлік жолдарының мерзімінен бұрын бүлінуіне жол бермеу мақсатында Күршім ауданындағы «Үлкен Нарын-Күршім» жолының 132-шақырымында көлік құралдарының салмақтық параметрлерін автоматты түрде өлшейтін кешен орнатылды. Бұл учаске кен тасымалдайтын ауыр жүк көліктерінің қозғалыс бағытына кіреді. Қазір осындай тағы бір кешен орнату мәселесі пысықталып жатыр.

Жол инфрақұрылымының дамуы тек асфальт төсеумен шектелмейді. Жолаушыларға қолайлы жағдай жасау, әсіресе ұзақ сапар кезінде санитарлық-гигиеналық тораптардың қолжетімділігін қамтамасыз ету де маңызды. ШҚО Туризм және инвестиция басқармасының дерегінше, бүгінде Шығыс Қазақстан облысында 50 санитарлық-гигиеналық торап жұмыс істейді. Оның 20-сы субсидияланады. Биыл басқарма туристік бизнес өкілдерінің ұсыныстарын ескере отырып, өңірдегі жол бойындағы сервистік нысандарда қосымша 12 санитарлық-гигиеналық торап орнатты.

Сонымен бірге олардың санитарлық жағдайы мен күтіп-ұсталуына қойылатын талаптар күшейтілді. Егер нысан тиісті деңгейде күтіп ұсталмаса, субсидиялау тетігі бойынша шаралар қабылданады. Яғни екі рет ескерту берілгеннен кейін үшінші заңбұзушылық анықталса, субсидия төлеу тоқтатылады. Бұл талаптар қызмет көрсету сапасын арттырып, жол бойындағы нысандардың жауапкершілігін күшейтуге бағытталған.

Жалпы, аймақта қолға алынған шаралар жолдардың сапасы мен өткізу қабілетін арттыруға, қолданыстағы инфрақұрылымды сақтауға және тұрғындар мен өңір қонақтары үшін қауіпсіз әрі жайлы жол жағдайын қамтамасыз етуге бағытталған.

Тегтер: Topжол инфрақұрылымыШҚО
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент: Егіннің бітік болуы — молшылық пен тоқшылықтың кепілі

Президент: Егіннің бітік болуы — молшылық пен тоқшылықтың кепілі

20.11.2026, 14:57
Ветеринарлардың жалақысы өседі — ШҚО

Ветеринарлардың жалақысы өседі — ШҚО

20.11.2026, 11:30
Шемонаиха ауданында  учаскелік полиция пункті ашылды

Шемонаиха ауданында учаскелік полиция пункті ашылды

20.11.2026, 10:32
Үлескерлер қаражатын жеке мақсатта пайдаланған компания сотқа тартылды — ШҚО

Үлескерлер қаражатын жеке мақсатта пайдаланған компания сотқа тартылды — ШҚО

20.11.2026, 09:51

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент: Егіннің бітік болуы — молшылық пен тоқшылықтың кепілі

20.11.2026, 14:57

Ветеринарлардың жалақысы өседі — ШҚО

20.11.2026, 11:30

Шемонаиха ауданында учаскелік полиция пункті ашылды

20.11.2026, 10:32

Үлескерлер қаражатын жеке мақсатта пайдаланған компания сотқа тартылды — ШҚО

20.11.2026, 09:51

Гематология орталығының емделушілерге есігі қашан ашылады?

19.11.2026, 17:28

ШҚО-да мұғалімін балағаттаған оқушы айыппұл төлейтін болды

19.11.2026, 16:22

Жемқорларға аяушылық болмайды — Тоқаев

19.11.2026, 15:07

Ертең Күршім ауданының мәдени күндері өтеді

19.11.2026, 15:05

Жоғары білімнің дамуы ЖИ технологияларымен тығыз байланысты болары анық — Қасым-Жомарт Тоқаев

19.11.2026, 14:18

Жас өнертапқыштардың жобалары көпшілікке таныстырылды — ШҚО

19.11.2026, 11:59

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

imunify-bot-check
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған