Елімізде өтіп жатқан сайлау науқаны аясында партиялық тізім бойынша мәслихат депутатығына үміткерлер облыс орталығындағы медицина қызметкерлерімен кездесу өткізді. Партиялық тізім бойынша мәслихат депутаттығына үміткерлер Зарина Камасова, Гүлмира Мирхат, Александр Милейко қатарлы кандидаттар медицина қызметкерлеріне сайлау бағдарламасын таныстырып, денсаулық сақтау саласы бойынша сайлау бағдарламасының негізгі бағыттарын талқылады.
Партияның өңірлік бағдарламасында 2026-2031 жылдары орындалуға тиіс, нәтижесін тексеріп, бағалауға болатын нақты міндеттемелер белгіленген.
Олардың айтуынша, еліміздің ең басты байлығы – оның адамдары. Сапалы білім, уақтылы медициналық көмек және бұқаралық спорт өмірдің ұзақтығы мен сапасын ғана емес, өңірдің бәсекеге қабілеттілігін де айқындайды.

– Табысты дамудың басты көрсеткіші – адам өмірінің денсаулығы сақталған жылдары. Медицина адамға дер кезінде, алдын алу, ауруларды ерте анықтау және қашықтыққа қарамастан қолжетімді көмек арқылы жетуі тиіс, – деді мәслихат депутаттығына үміткер кандидат Зарина Камасова.
2031 жылға қарай өңірдегі күтілетін өмір сүру ұзақтығын 75,6 жасқа дейін арттыру көзделген. Ол үшін салауатты өмір салтын ұстанатын азаматтардың үлесі 39%-ға жеткізіледі. Сондай-ақ 0–14 жастағы балалар арасындағы семіздік аурушаңдығын 100 мың тұрғынға шаққанда 105,8 жағдайдан асырмау жоспарланған.
Саланы технологиялық жаңарту мен кадрлық нығайтуға бағытталған өзара байланысты іс-шаралар кешені жоспарланған.
Кездесу барысында 2031 жылға дейін медициналық ұйымдар ғимараттарының тозу деңгейі 18%-ға дейін төмендеп, жабдықтау нақты қажеттіліктерді ескеретін бекітілген жоспарға сәйкес жүргізілетіні айтылды.
– 2027–2028 жылдары психикалық денсаулық ұйымдары техникалық қайта жарақтандырылады, ал медициналық көмектің аумақтық қолжетімділігі үшін бекітілген өңірлік перспективалық жоспар негізінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) желісін дамыту, оның ішінде жаңа нысандарды пайдалануға беру жалғасады, – деді Гүлмира Мирхат.
Тұрғылықты жерінде скрининг өткізуге жабдықталған жылжымалы медициналық кешендер көрсететін қызметтермен жыл сайын 50 мыңнан астам адам қамтылады.
Сонымен қатар саланы кадрлармен қамтамасыз ету мәселесі де шешімін табатыны айтылды. 2031 жылға қарай орта білімнен кейінгі білімі бар кеңейтілген практикадағы 909 мейіргер маман даярланады. Кадр тапшылығын жою үшін сұранысқа ие бағыттар бойынша резидентураға жыл сайын 66 нысаналы грант бөлінеді және 28 медицина маманына тұрғын үй, көтерме төлем және коммуналдық шығын өтемақысы түрінде әлеуметтік қолдау көрсетіледі.
Шығыс Қазақстан тұрғындары үшін лайықты жұмыс, коммуналдық жүйелердің сенімді қызметі, сапалы жол, қолжетімді білім мен медициналық көмек, отбасының әл-ауқаты және ертеңгі күнге сенім маңызды. «Әділет» партиясының өңірлік сайлауалды бағдарламасы осы мәселелерді шешуге, халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған.

Дайындаған: «Әділет» партиясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: Мекеева Ж.Ж
«Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарын сайлауда» партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ-ның сайлау қорынан төленді.




