Облыс орталығында тағы да Oskemen life фестивалі өтеді, деп хабарлайды F16.kz.
Бұған дейін аталмыш фестиваль жаз айларында үш рет ұйымдастырылды. Облыс орталығындағы жұртшылық енді күзгі Oskemen life-ты тамашалайды.
OSKEMEN life 4.0 фестивалі қала әкімдігінің және демеуші – TAZH Group компаниясының қолдауымен 14 қарашада, әдеттегідей, Чехов пен Горький көшелерінің қиылысында өтеді. Сағат 12.00-ден бастап кешке дейін қала мерекелік атмосфера ауанында болады.
Үш бірдей музыкалық алаң дайындалады. Жеке-жеке диджейі болады. Өйткені үш алаңда үш буынға танымал әуендер шырқалады.
Жалпы бағдарламада Street dance Battle би баттлы, көше әндері байқауы, караоке-баттл, интерактивті аймақтар, қолөнершілер жәрмеңкесі және «Өскемен өнімдері» жәрмеңкесі бар.




