F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

ШҚО-да жасөспірімдерге арналған құқықтық лагерьлер жұмыс бастады

F16 F16
04.11.2026, 15:08
Жаңалықтар

Шығыс Қазақстан облысында PVE LABS жобасы басталды. Жоба аясында кемінде 220 оқушыны қамту жоспарланып отыр, деп хабарлайды F16.kz.

Бастама «Заң мен тәртіп» идеологемасы аясында жүзеге асырылып, жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, құқық бұзушылықтар мен зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған.

«Жобаның ерекшелігі – оқыту үдерісінің тәжірибеге негізделуі. Дәстүрлі дәрістердің орнына оқушыларға құрдастарының қысымы, әлеуметтік желілердегі қауіпті ұсыныстар мен жанжалдар сияқты күнделікті өмірде кездесетін жағдайларды талдау ұсынылады. Осы арқылы олар өз әрекеттерінің салдарын бағалап, мәселелерді заң аясында шешу жолдарын үйренеді», — делінген облыс әкімдігінің баспасөз қызметі ұсынған хабарламада.

Жоба Орталық Азиядағы зорлық-зомбылық экстремизмінің алдын алуға бағытталған PREVECA II халықаралық бағдарламасы аясында Германия халықаралық ынтымақтастық қоғамымен (GIZ) және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен әріптестікте жүзеге асырылуда.

Қор директоры Ольга Свириденконың айтуынша, алғашқы құқықтық лагерь Өскемен қаласында жұмысын бастады. Алдағы уақытта осындай лагерьлер Глубокое ауданындағы Белоусовка кентінде, Риддер қаласында және Алтай ауданында ұйымдастырылады. Жалпы, төрт аумақта кемінде 220 оқушыны қамту көзделген.

«Біз балаларға заңның тек жазалау үшін емес, ең алдымен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажет екенін түсіндіргіміз келеді. Сондықтан құқықтық лагерьлерде дәстүрлі дәрістер мен семинарлар өткізілмейді. Полиция және прокуратура өкілдерімен бірлесіп, жасөспірімдер күнделікті өмірде тап болуы мүмкін нақты жағдайларды талдап, олардың алдын алу жолдарын қарастырамыз», – дейді қор директоры.

Оқытуға полиция және прокуратура қызметкерлері, психологтар, медиасауаттылық пен зорлық-зомбылық экстремизмінің алдын алу саласындағы мамандар, сондай-ақ Алматы қаласындағы Ішкі істер министрлігі академиясының өкілдері қатысады.

Бағдарлама сыни ойлау, құқықтық және медиасауаттылық, жанжалдарды шешу және экстремистік көріністердің алдын алу бағыттарын қамтиды.

Сонымен қатар оқушылардың өз бастамаларына қолдау көрсетіледі. Қатысушылар ұсынған үздік жобалар іріктеліп, оларды жүзеге асыруға мүмкіндік беріледі. Бұл жасөспірімдердің құқықтық білімдерін мектеп өміріндегі нақты мәселелерді шешуде қолдануына жол ашады.

PVE LABS жобасының негізгі нәтижесі – тек қатысушылар санымен емес, олардың бойында заңды құрметтеу, қауіпсіз мінез-құлық және азаматтық жауапкершілік мәдениетінің қалыптасуымен өлшенбек.

Тегтер: Заң мен тәртіпқұқықтық лагерьШҚО
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент: Егіннің бітік болуы — молшылық пен тоқшылықтың кепілі

Президент: Егіннің бітік болуы — молшылық пен тоқшылықтың кепілі

20.11.2026, 14:57
Ветеринарлардың жалақысы өседі — ШҚО

Ветеринарлардың жалақысы өседі — ШҚО

20.11.2026, 11:30
Шемонаиха ауданында  учаскелік полиция пункті ашылды

Шемонаиха ауданында учаскелік полиция пункті ашылды

20.11.2026, 10:32
Үлескерлер қаражатын жеке мақсатта пайдаланған компания сотқа тартылды — ШҚО

Үлескерлер қаражатын жеке мақсатта пайдаланған компания сотқа тартылды — ШҚО

20.11.2026, 09:51

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент: Егіннің бітік болуы — молшылық пен тоқшылықтың кепілі

20.11.2026, 14:57

Ветеринарлардың жалақысы өседі — ШҚО

20.11.2026, 11:30

Шемонаиха ауданында учаскелік полиция пункті ашылды

20.11.2026, 10:32

Үлескерлер қаражатын жеке мақсатта пайдаланған компания сотқа тартылды — ШҚО

20.11.2026, 09:51

Гематология орталығының емделушілерге есігі қашан ашылады?

19.11.2026, 17:28

ШҚО-да мұғалімін балағаттаған оқушы айыппұл төлейтін болды

19.11.2026, 16:22

Жемқорларға аяушылық болмайды — Тоқаев

19.11.2026, 15:07

Ертең Күршім ауданының мәдени күндері өтеді

19.11.2026, 15:05

Жоғары білімнің дамуы ЖИ технологияларымен тығыз байланысты болары анық — Қасым-Жомарт Тоқаев

19.11.2026, 14:18

Жас өнертапқыштардың жобалары көпшілікке таныстырылды — ШҚО

19.11.2026, 11:59

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

imunify-bot-check
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған