F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Гала-концерт, тойбазар, ерекше жобалар: Үлкен Нарын үдеден шықты

F16 F16
09.11.2026, 16:50
Жаңалықтар

«Туған жер – алтын бесігім» жобасы аясында облыс орталығында Үлкен Нарын ауданының мәдениет күндері өтті. Төр Алтайдан керуен тартқан өнер көші мен тойбазарлы жәрмеңке Шығыстың бас шаһарындағы жұртшылықты рухани тұрғыда байытып, әл-ауқатын да нығайтып тастағандай.

Екі күндік бағдарлама ауданның бай тарихы, мәйекті мәдинетін, өнер өрісін айшықтап, шаруашылық әлеуетін де танытты.

6 қарашада облыс орталығындағы филармония ғимаратында Үлкен Нарынның тарихи мұрасын насихаттап, бүгінге келбетін танытатын ауқымды көрме ашылды. Тасын түртсең тарих сөйлетін өлкенің құнды жәдігерлері, бүгінгі бал бармақ шеберлердің бұйымдары, шаруақор мамандардың қолынан шыққан өнімдер көрермен қауымның көзайымы болды.

 Үлкеннарындық оқушылар ұсынған шығармашылық жұмыстар мәдине іс-шаралардың мазмұнын тіпті байыта түсті.

Ал 7 қарашада Үлкен Нарын тойбазары болды. Өскемендегі «Алтай» сауда орталығының аумағында аудан шаруалары сапалы әрі таза ауыл өнімдерін ұсынды. Мал еті мен сүт өнімдерінің, жеміс-жидек пен көкөністің қоры мол болды бұл жәрмеңкеде. Бастысы, өнімдердің бағасы нарықтағы бағадан төмен.

Бұл күні жәрмеңкемен қатар аудан өнерпаздарының шағын концерті өтті. Тойбазарға келген жұртшылық мерекелік атмосфераның ауанында болды.

– «Туған жер – алтын бесігім» жобасы – ауданның, ауылдардың әлеуетін танытатын өте жақсы жоба. Мәдение күндер аясындағы іс-шараға кіл мықты өнерпаздарымызбен бірге келдік. Жәрмеңкеде де ауыл шаруашылығындағы әлеуетімізді көрсетеміз, – деді Үлкен Нарын ауданының әкімі Елдос Байрахметов.

Оқушы Инесса Емнің ерекше жобасы

Сөз басында көрме аясында көпшілік назарына оқушылардың шығармашылық жұмыстары ұсынылғанын айтқан едік. Соның ішіндегі ерекше жұмыстың біріне тоқталуды жөн санаймыз. Тәжірибелік жобалардың бірі – Ново-Хайрузовка орта мектебінің 9 сынып оқушысы Инесса Емнің «Тамшылатып суару және пластикті қайта пайдалану» атты ғылыми-зерттеу жұмысы.

Жас зерттеушінің бұл жобасы 2023 жылы басталған ғылыми ізденістің жалғасы екен. «Жаратылыстану-математикалық» бағытындағы «Экология» секциясы аясында әзірленген жұмыстың басты мақсаты – пайдаланылған пластик бөтелкелерді қайта кәдеге жарату және су ресурстарын тиімді пайдалану.

Зерттеу барысында Инесса қолданылған пластик бөтелкелерден бірнеше тәжірибелік қондырғы жасап, суды тамшылатып берудің үш түрлі әдісін сынақтан өткізген. Бұған шприц инесі, мақта таяқшалары және матадан жасалған білте қолданылады.

Жас зерттеуші су бағанының биіктігін 8-18 сантиметр аралығында өзгертіп, бір минутта бөлінетін тамшылар санын есептейді. Алынған нәтижелерді салыстырып, кестелер мен диаграммалар құрастырады. Осылайша судың оңтайлы берілу режимін анықтап, оның ысырап болу себептерін зерттеп көрген.

Тәжірибе нәтижесінде оқушы суару жүйесінің алғашқы үлгісін жасап, оның техникалық параметрлерін белгілеп, су шығынын алдын ала болжау бойынша есептеулер жүргізген.

Салыстырмалы талдау нәтижесінде суды берудің ең тиімді тәсілі білтелі суару жүйесі екені анықталды.

Бұдан кейін Инесса білтелі суаруға қандай материалдың қолайлы екенін зерттеуге кірісіпті. Жас зерттеуші синтетикалық мата, мақта және зығырдың суды сіңіру және өткізу қасиеттерін салыстырды.

«Біз әртүрлі маталардың суды сіңіру және жеткізу қабілетін зерттедік. Тәжірибе барысында мақта ең жақсы нәтиже көрсетті», – дейді жоба авторы.

Жобаның тағы бір ерекшелігі – өсімдіктердің суға деген қажеттілігін ескере отырып, суару процесін автоматтандыру.

Өйткені әр өсімдікке қажетті су мөлшері әртүрлі. Кейбір өсімдіктер топырақ ылғалдылығының өзгеруіне ерекше сезімтал келеді. Осыны ескерген Инесса Arduino микроконтроллері мен топырақ ылғалдылығын өлшейтін датчикті пайдаланып, суару жүйесін жетілдірген.

Жүйенің жұмыс істеу қағидаты қарапайым әрі тиімді. Мәселен, топырақ ылғалдылығы белгіленген 60 пайыздық деңгейден төмендеген жағдайда, микроконтроллер су беруді автоматты түрде іске қосады. Ал топырақ қажетті деңгейде ылғалданған кезде суару тоқтатылады.

Сонымен қатар жүйеге су деңгейін бақылайтын қосымша датчик орнатылған. Ол резервуардағы су мөлшерін қадағалап, негізгі су қорынан толтырылуын бақылауға мүмкіндік береді.

«Біз «Таза Қазақстан» жобасы аясында өсімдіктердің жерсіну және тіршілік ету мүмкіндігін арттыру, сондай-ақ су ресурстарын үнемдеу мақсатында білтелі суару әдісін енгізуді жөн көрдік», – дейді Инесса Ем.

Жас зерттеуші мұнымен тоқтап қалмақ емес. Алдағы уақытта ол білтелі суару жүйесіне арналған материалдардың қасиеттерін тереңірек зерттеп, олардың тиімді параметрлерін анықтауды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ өсімдіктің жас ерекшелігіне қарай қажетті су мөлшерін алдын ала болжай алатын жаңа құрылғы үлгісін әзірлеуді мақсат еткен.

Инесса Емнің ғылыми жұмысы – мектеп қабырғасындағы қарапайым идеяның нақты инженерлік шешімге айнала алатынының жарқын мысалы.

Бұл жоба экология, физика, математика және инженерлік технологияларды біріктіретін STEM білім беру тәсілінің мүмкіндіктерін көрсетеді.

Ең бастысы, жас зерттеушінің ізденісі қоршаған ортаны қорғау мен су ресурстарын үнемдеуге бағытталған қолжетімді технологиялардың ауыл шаруашылығында да тиімді қолданылуы мүмкін екенін дәлелдейді.

Тегтер: жәрмеңкемәдени күндерҮлкен Нарын
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент: Егіннің бітік болуы — молшылық пен тоқшылықтың кепілі

Президент: Егіннің бітік болуы — молшылық пен тоқшылықтың кепілі

20.11.2026, 14:57
Ветеринарлардың жалақысы өседі — ШҚО

Ветеринарлардың жалақысы өседі — ШҚО

20.11.2026, 11:30
Шемонаиха ауданында  учаскелік полиция пункті ашылды

Шемонаиха ауданында учаскелік полиция пункті ашылды

20.11.2026, 10:32
Үлескерлер қаражатын жеке мақсатта пайдаланған компания сотқа тартылды — ШҚО

Үлескерлер қаражатын жеке мақсатта пайдаланған компания сотқа тартылды — ШҚО

20.11.2026, 09:51

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент: Егіннің бітік болуы — молшылық пен тоқшылықтың кепілі

20.11.2026, 14:57

Ветеринарлардың жалақысы өседі — ШҚО

20.11.2026, 11:30

Шемонаиха ауданында учаскелік полиция пункті ашылды

20.11.2026, 10:32

Үлескерлер қаражатын жеке мақсатта пайдаланған компания сотқа тартылды — ШҚО

20.11.2026, 09:51

Гематология орталығының емделушілерге есігі қашан ашылады?

19.11.2026, 17:28

ШҚО-да мұғалімін балағаттаған оқушы айыппұл төлейтін болды

19.11.2026, 16:22

Жемқорларға аяушылық болмайды — Тоқаев

19.11.2026, 15:07

Ертең Күршім ауданының мәдени күндері өтеді

19.11.2026, 15:05

Жоғары білімнің дамуы ЖИ технологияларымен тығыз байланысты болары анық — Қасым-Жомарт Тоқаев

19.11.2026, 14:18

Жас өнертапқыштардың жобалары көпшілікке таныстырылды — ШҚО

19.11.2026, 11:59

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

imunify-bot-check
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған