F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

ШҚО құтқарушыларына 65 жаңа техника берілді

admin_f16 admin_f16
05.04.2025, 17:57
Өскемен

Бүгін Өскеменнің орталық алаңында Шығыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар қызметкерлеріне жаңа техникалар мен қызметтік пәтерлердің кілті табыс етілді. Салтанатты шараға төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов пен аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов қатысты, деп хабарлайды F16.kz тілшісі.

\"\" Облыстық төтенше жағдайлар қызметінің автопаркі 65 сужаңа техникамен толықты. Олардың ішінде өрт сөндіретін және жол талғамайтын машиналар, сондай-ақ жедел-құтқару, суда жүзу көліктері бар.  

\"\" 

Мұндай техникалардың біз үшін маңызды екенін күнделікті өмірде, тәжірибеде көріп жүрміз. Осы техникалар мен қызметкерлердің арқасында жұмыстың тиімділігі артып отыр. Төтенше жағдайлар министрлігінің автопаркін жаңарту – тұрғындарды қорғау мен қызметті дамытудағы стратегияның бір бағыты. Заманауи техникалардың көмегімен қыс кезінде тұрғындардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілді. Бүгін – гарнизон үшін маңызды күн. Бұл техникалар төтенше жағдай кезінде жылдам әрі тиімді әрекет етуге мүмкіндік береді, – деді министр Шыңғыс Әрінов.  

\"\" Бұл күні құтқарушылар жаңа техникалармен қатар қызметтік пәтерлерге, ведомстволық наградалар мен алғыс хаттарға ие болды. 

Өңірдің азаматтық қорғау саласының материалдық-техникалық базасын нығайтуға кейінгі екі жылда 4 миллиардтан астам теңге қаражат бөлінгенін атап өткен облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов табиғи және техногендік апаттардың алдын алып, салдарын жоюда төтенше жағдай қызметінің рөлі жоғары екенін айтты.

\"\" 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдайлар қызметіне ерекше көңіл бөледі. Себебі, сіздер халықтың қауіпсіздігі мен мүлкін қорғау, елдегі табиғи және техногендік апаттардың алдын алу және жою бағытында үлкен жұмыстар атқарасыздар. Біз депутаттық корпуспен бірлесіп жергілікті азаматтық қорғау органдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға күш саламыз. Соңғы екі жылда бұл бағытта 4 миллиардтан астам теңге қаражат бөлінді. Жұмысты ары қарай жалғастыра береміз. Бүгін міне жаңа қызметтік автокөліктер, құрал-жабдықтар беріліп отыр. Бұл техникалар жұмыс тиімділігін арттыруға септігін тигізеді деп сенеміз, – деді облыс әкімі.

\"\"Ведомство басшысына облыстың көктемгі су тасқынына дайындығы туралы ақпарат беріліп, өңірлік бөлімше қызметінде цифрлық технологияларды қолданудың сәтті үлгісі көрсетілді. Қазір төрт бағыт бойынша деректер бір ақпараттық жүйеге жиналады: су тасқыны қаупі бар елді мекендер, гидропосттардан алынған ақпарат, жоспарлы инженерлік-техникалық жұмыстар, су тасқынына қарсы іс-шаралар. 

\"\" Осындай жүйе арқылы жедел штаб су тасқыны қауіпі бар аймақтарды, қандай гидротехникалық құрылымдарды, арналарды және көпірлерді тазарту қажет екенін, қай елді мекендерге су тасқыны қаупі төніп тұрғанын нақты біледі.

Болашақта бұл жүйеге өзендердің су деңгейі туралы ақпарат енгізу көзделген. Бұл су тасқынының алдын алуға, жағалауды бекіту және арналарды тазарту жұмыстарын тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді.

Фото: F16.kz

 

БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Өскеменде 136 отбасы жаңа пәтердің кілтіне ие болды

Өскеменде 136 отбасы жаңа пәтердің кілтіне ие болды

08.07.2026, 10:03
Өскеменде «Bereke Fest» республикалық акциясы өтеді

Өскеменде «Bereke Fest» республикалық акциясы өтеді

29.06.2026, 09:00
Облыс орталығында халықаралық аграрлық форумдар өтіп жатыр

Облыс орталығында халықаралық аграрлық форумдар өтіп жатыр

18.06.2026, 15:49
Өскеменде ерекше фестиваль өтеді

Өскеменде ерекше фестиваль өтеді

15.06.2026, 12:07

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайлауалды үгіт материалдарын орналастырудың шарттары және тәртібі туралы ақпараттық хабарлама

09.07.2026, 18:28

ШҚО-да жарты жылда 21 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді

09.07.2026, 09:00

Бұқтырма су қоймасындағы паром өткелі күшейтілген жұмыс режиміне көшеді

09.07.2026, 08:00

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

Аi-Sana: Қазақстандық студенттер 440-тан астам ЖИ-жоба әзірледі

08.07.2026, 16:09

ШҚО өңірлік мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығына жаңа басшы тағайындалды

08.07.2026, 14:05

Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы

08.07.2026, 13:09

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған