Өскемендегі «Юбилейный» кинотеатрында 12–18 сәуір аралығында «ЮБIFRANCE 25» француз кинофестивалі өтеді, деп хабарлайды F16.kz тілшісі.
Аталмыш мәдени шараны Францияның Қазақстандағы елшілігі, Француз институты және «Юбилейный» кинотеатры бірлесіп ұйымдастырған.
Фестивальдің ресми ашылуы 12 сәуір күні сағат 18.00-де өтеді.
Фестиваль бағдарламасына жанры әртүрлі бес көркем және екі анимациялық кинотуынды енген. Кино көрсетілімдері күн сайын кешкі уақытта өтеді. Барлық фильмдер түпнұсқа француз тілінде, орысша субтитрмен ұсынылады. Билет құны — 1500 теңге.