Зайсан ауданында тілсіз жауды ауыздықтау жұмыстары әлі де жалғасып жатыр, деп хабарлайды F16.kz тілшісі.
ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағановтың тапсырмасымен оқиға орнына оның орынбасары Бақытжан Байахметов барды. Ол жағдайды жеке бақылауда ұстап, өртті жою шараларын үйлестіреді.
Қазір оқиға орнында еріктілер мен жергілікті атқарушы органнан 200-ден астам адам, қажетті техника және әуеден сөндіру үшін екі тікұшақ жұмыс істеп жатыр.
ШҚО ТЖД таратқан ақпаратқа сүйенсек, қатты желге байланысты өрттің әрі қарай таралу қаупі бар. Билік жағдайды қадағалап отыр және тұрғындарды қауіпсіздік шараларын сақтауға, өрт ошағы болуы мүмкін аймақтарға бармауға шақырады.