F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Балық өсірген, мал баққаннан да тиімді – Талғат Рахымжанов

admin_f16 admin_f16
18.04.2025, 15:30
Өскемен

Тауарлы балық шаруашылығының пайдасы шаш-етектен, шығыны аз. Тіпті мал және құс өсіргеннен екі есе тиімді дейді мамандар. Кейінгі кезде трендке айналған табысты кәсіптің қыр—сыры туралы F16.kz редакциясына Зайсан—Ертіс облысаралық бассейіндік балық шаруашылығы инспекциясының басшы Талғат Рахымжанов айтып берді.

– «Табыстың көзі– тауарлы балық» деген сөзбен келісесіз бе?

– Әрине келісемін. Қазір балық шаруашылығының пайдасы мал немесе құс өсіргеннен әлдеқайда көп, екі есе тиімді десем де болады. Ал шығыны аз. Оны басқа бизнеспен қатар жүргізуге болады. Мал сияқты оны күнделікті қарап отырмайсыз. Жем жеткілікті. Өзімізде бар. Мәселен, Өскемендегі ұн комбинатында тұқы (карп) тұқымдас балықтардың жемі өндіріледі. 

– Балықты өсіруін өсіреді ғой, өнімді өткізу жағы қалай болар екен?

– Ешқандай мәселе жоқ. Балыққа, оның өніміне сұраныс жоғары. Қазір біздің тауар өндірушілер ішкі нарықтың өзін толық қамти алмай отыр. Қазір облыста 2 мың тоннаның үстінде ғана бақтақ балығы өсіріледі. Бұл ішкі нарықтан аспайды. Оның сыртында экспорт бар. Мәселен, Ресейдің Алтай өлкесі қазір бізден күніне 20 тоннадай тоңазыған балық алуға дайын. Тоңазыған деген кәдімгі жаңа ауланған балықты өңдемей—ақ мұзбен араластырып сата бересіз. Бұған қоса Қытай нарығына да шығуға мүкіндік бар.

– Бұл кәсіпті қорықпай қолға алуға болады дейсіз ғой…

– Иә, қорқатын түк жоқ. Салықтық берешегі жоқ кез келген адам балық шаруашылығымен айналыса алады. Тіпті жеке тұлға ретінде электронды аукционға қатысып, су айдынын ұзақ мерзімге жалға алуға болады. Қазір Шығыс Қазақстан облысының Бұқтырма су қоймасында алты телім бос тұр. Бұл телімдер тұқы тұқымдас балықтарды өсіруге өте қолайлы, көлік қатынасына да ыңғайлы. Сол сияқты Күршім, Ұлан, Шемонаиха аудандарында, Риддер қаласының маңында бекітілмеген көлдер көп. Олардың жартысына жуығы бос. Бізге хабарласып, алуға болады.

– Кәсіпкертелім алды делік, ары қарай не істейді?

– Ары қарай құжаттарын реттейді. Шаруашылықтардан балықтың дернәсілдерін сатып алып, іске кіріседі. Құжаттарды реттеу қиын болса бізге келсе испекция мамандары көмектеседі.  

Балықтардың дернәсілдері өзімізде өсіріледі. Айталық, Күршім ауданындағы Мульковое деген жерде Бұқтырма уылдырық шашу-өсіру шаруашылығы бар. Онда сазан, тұқы, ақ амур, дөңмаңдай сияқты балықтардың дернәсілдері өсіріледі.

Сондай-ақ өңірде бекіре, бақтақ тұқымдас балықтардың дернәсілдерін өсіретін шаруашылықтар да бар. Ал осы дернәсілдерді сатып алған шығынның жартысын мемлекет субсидиямен қайтарып береді. Биологиялық ғылыми негіздеме жасауға кеткен шығынның жартысы да субсидия арқылы қайтарылады. Одан бөлек 2 млрд теңгеге дейін 2,5 пайызбен кепілдікті несие қарастырылған. Жалпы, тауарлы балық шаруашылығына мемлекет тарапына қолдау өте зор.  

Облысымызда ғылыми институттар, балық шаруашылығымен айналысатын мекемелер де бар және олардың тәжірибесі мол. Қысқасы, балық өсіргісі келген адамдарға барлық жағдай жасалған. Ниет білдірушілер біздің инспекцияға келсін, қолдан келгенше қолдау көрсетеміз. 

–Рақмет!

 Сұхбаттасқан – Ләззат Қанатқызы

Фото: F16.kz

БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Өскемендегі Абай ескерткіші жаңартылып жатыр

Өскемендегі Абай ескерткіші жаңартылып жатыр

17.06.2025, 17:02
Өскеменде қымызмұрындық тойланады

Өскеменде қымызмұрындық тойланады

17.06.2025, 16:43
Өскемендегі гинекология бөлімшесіне күрделі жөндеу жүргізілді

Өскемендегі гинекология бөлімшесіне күрделі жөндеу жүргізілді

17.06.2025, 12:07
«Өскемен» аллеясы абаттандырылатын болады

«Өскемен» аллеясы абаттандырылады

16.06.2025, 17:54

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Шығыстың мерген қызы Ажар Төлеуқанова ел чемпионатында топ жарды

17.06.2025, 18:00

200-ден астам жаңа мектеп салынады

17.06.2025, 17:56

Күршімдегі санитарлық-гигиеналық тораптар қашан пайдалануға беріледі?

17.06.2025, 17:11

Өскемендегі Абай ескерткіші жаңартылып жатыр

17.06.2025, 17:02

Өскеменде қымызмұрындық тойланады

17.06.2025, 16:43

Қазақстан құрамасы хоккейден халықаралық турнирде жеңіске жетті

17.06.2025, 16:05

ШҚО делегациясы Қытайдағы цифрлық технологиялар форумына қатысып жатыр

17.06.2025, 15:47

Күршім ауданында жаңа туристік аймақ құрылады

17.06.2025, 15:00

Қазақстан Қытайға 1500 киік сыйға тартты

17.06.2025, 14:58

Спорт жұлдыздары ашық аспан астында жаттығу өткізеді – Өскемен

17.06.2025, 14:03

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2025. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2025. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған