ШҚО полицейлері 2016 жылдан бері іздеуде жүрген 38 жастағы азаматты әуежайда ұстады, деп хабарлайды F16.kz.
Ол жалпы сомасы шамамен 5 миллион теңгені құрайтын алаяқтық жасаған деген күдікке ілінген.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер күдіктіні Өскемен қаласына ұшып келген сәтінде, ұшақтан түскен бойда ұстады.
Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.