Өскемендегі «MaxiMall» сауда ойын-сауық орталығы салынып жатқан жер учаскесінің жалға алу мерзімі ұзартылмаған. Бұл туралы ШҚО кәсіпкерлер палатасы мәлімдеді.
Айта кетейік, аталған ірі жобаның инвестиция көлемі 11 миллиард теңгені құрайды. Сондай-ақ ұлттық инвесторлар пулына енгізілген.
ШҚО кәсіпкерлер палатасы инвесторлар мәселесін ерекше бақылауда ұстайтынын және заң аясында шешуге көмектесетінін айтады.