Өскемен қаласынан Шымқалаға тікелей рейс 1 маусым күні ұшады, деп хабаралайды F16.kz тілшісі.
Жаңа әуе бағытының ашылуы Шығыстан ұшатын рейстердің географиясын кеңейтеді. Бұл – өңір тұрғындарына іскерлік және туристік сапарлары үшін уақытты үнемдеуге, маршруттарын ыңғайлы жоспарлауға мүмкіндік береді.
SCAT Airlines әуе компаниясының әуе кемелері аптасына бес рет — дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері ұшады.
Қазіргі уақытта билеттер сатылымға шықты. Рейстердің нақты кестесі мен брондау шарттарын әуе компаниясының ресми сайтынан және авиакассалардан қарауға болады.
Фото: Өскемен қаласының әкімдігі