25 сәуір күні 19:00-ден бастап 27 сәуірге дейін Өскеменде трамвайлар уақытша тоқтайды, деп хабарлайды F16.kz тілшісі.
Спорт сарайы ауданындағы Үлбі көпірінің тұсында рельстер ауыстырылып жатқандықтан трамвайлар уақытша жүрмейді, — делінген қала әкімдігінің мәліметінде.
Қала тұрғындарына қолайлы болу үшін трамвайдың орнына автобустар қатынайды.
Атап айтқанда:
- Өнеркәсіп орындары шоғырланған аймаққа — №26 және №27 автобустары;
- №3 трамвай жүретін Назарбаев даңғылына — №12, №2 және №1 автобустары барады.
Фото: F16.kz/жасанды интеллект