F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Өскемендегі өзгеше ауыл

admin_f16 admin_f16
29.04.2025, 14:00
Өскемен

Өскемендегі Ертістің сол жағалауында елімізде теңдесі жоқ бірегей демалыс орны орналасқан. Бұл кешен аумағында хайуанаттар бағы, отбасылық тынығу алаңы, балаларға арналған «Ертегі әлемі», ботаникалық бақ, қайықтар айлағы, әскери павильондар, «Жібек жолы» саябағы мен басты назар аударатын нысан – этноауылды орналасқан. F16.kz редакциясы 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында өңірде тұрып жатқан көптеген этностың мәдениеті мен тұрмысынан мол мағұлмат беретін этноаулға шолу жасады.

АШЫҚ АСПАН АСТЫНДАҒЫ ӘСКЕРИ МҰРАЖАЙ

\"\"Солжағалау кешеніне кіре берісте ашық аспан астында орналасқан әскери мұражай бар. Оның бірі – Ауған соғысының ардагерлері мен Чернобыль апатын жоюшыларға арналса, екіншісі – Ұлы Отан соғысына қатысқан шығысқазақстандық жауынгерлерге арналып жасалған мемориал. Сондай-ақ бұл маңда XX ғасырдың әскери техникалары – танк, зеңбірек, зениттік кешендер қойылған.

Былтыр Ауған соғысының ардагерлері «Таза Қазақстан» экоакциясы аясында Солжағалау саябағында 47 көшет екті.

Ел аумағында «Таза Қазақстан» акциясы тұрақты жалғасын тауып келеді. Барша қазақстандықтар өзі тұратын аумағын таза әрі жасыл желекке айналдыру үшін күш салады. Біз де ардагерлер аллеясын жасауды ұйғардық. Бұл – атаулы ағаштар деуге болады. Біз оларды Ауғанстаннан оралмаған боздақтардың құрметіне ектік, – деген еді Өскемен қалалық Ауған соғысы ардагерлері ұйымы төрағасының орынбасары Қадырғазы Баймұратов былтырғы көшет егу кезінде.

ИМПЕРАТОР САРАЙЫ

Саябаққа кіру – тегін. Бірақ хайуанаттар бағы мен кейбір көрме орындарына кіру үшін символикалық төлем жасалады. «Жібек жолы» саябағына қадам басқан әр адам өзін ортағасырлық кезеңге тап болғандай сезінеді. Бұл аумақ ежелгі Ұлы Жібек жолының үлгісімен салынған. Ол жерден Қытайдың «Император сарайы», қазақтың «Хан ордасы», Орталық Азия елдерінің «Әмірші сарайы», үнділердің «Радж сарайы» сияқты архитектуралық нысандарды тамашалауға болады. Барлығы да дәуіріне сай безендіріліп, тарихи жәдігерлермен жабдықталған.

АЯЗ АТА РЕЗИДЕНЦИЯСЫ

\"\" 2023 жылдың желтоқсан айында Солжағалау кешенінде облыс әкімдігінің қолдауымен Аяз ата резиденциясы ашылды. Бұл – аймақ тұрғындары мен қонақтарына қысқы мерекенің атмосферасын сезінуге арналған ерекше орын. Резиденцияның ерекшеліктеріне келсек, ғимарат екі қабаттан тұрады. Онда Аяз ата мен ақшақардың бөлмелері және балаларға арналған ойын-сауық аймақтары бар.​ Пошта қызметі жұмыс істейді. Балалар өзінің тілегін хатқа жазып, Аяз атаға жолдау үшін арнайы пошта жәшігіне салады.

Сол сияқты резиденция ішінде ыстық шай, тәтті-дәмділер сататын шағын сауда орындары бар. Жаңа жыл қарсаңында мұнда түрлі қойылымдар, шырша жағу рәсімдері өткізіледі.

Аяз Ата резиденциясы — балалар мен ересектерге арналған ертегі әлемі. Мұнда келушілер қазақ халық ертегілерінің кейіпкерлерімен кездесіп, ұлттық дәстүрлермен таныса алады.

ЭТНОАУЫЛ

Кешеннің маңызды элементтерінің бірі – этноауыл. Бұл жоба Қазақстандағы түрлі ұлт өкілдерінің бейбіт өмір сүруін көркем түрде бейнелейтін шағын макет іспетті. Мұнда XIX ғасырдағы қазақ, украин, ұйғыр, әзірбайжан, корей, чешен, татар, неміс, орыс, беларусь, еврей, поляк, армян ұлттарының қонысжайлары салынған. Үйлер мен ішкі жабдықтар тарихи деректер мен мұрағат материалдарына сүйеніп қалпына келтірілген.

\"\" Әрбір үйдің жеке ауласы бар, қақпамен немесе дуалмен қоршалған. Кейбір үйлерде тіпті мал ұстауға арналған немесе қойма ретінде пайдаланылған шағын қосалқы құрылыстар да салынған. Келушілер әр үйге еркін кіріп, аралай алады.

Солжағалау кешені жыл сайын 1 мамырда ашылады. Бұл күн – әрі көктемнің жайдары шағы, әрі Қазақстан халқының бірлігі күнімен тұспа-тұс келеді. Этноауыл осы бірлікті дәріптеудің нақты үлгісі.

Этноауыл – ел тарихына арналған ерекше ескерткіш. Бұл жоба 2010 жылы небәрі бір ай ішінде жүзеге асқан. Әр қонысжай нақты тарихи кезеңге сәйкес тұрмыстық заттармен, жиһаздармен жабдықталған. Кейбір бұйымдар – нағыз тарихи жәдігерлер.

\"\" Өскемен қаласының тұрғыны Қоблан Дәулетұлы саябаққа отбасымен жиі келеді. Әсіресе, жаз кезінде кешенге келушілер қарасы көп екенін айтты.

\"\"

Қаладағы көрікті де көркем жерлердің бірі – Солжағалау саябағы. Қонақтарға ұялмай көрсететін демалыс орны деп ойлаймын. Менің естуімше, мұндай саябақ еліміздің басқа өңірлерінде жоқ. Өте жақсы жасалған, орналасқан жері де қолайлы әрі ұтымды таңдап алынған. Отбасыммен жиі келіп тұрамын. Бала—шағамен келіп еркін демалуға болады. Хайуанаттар бағы да бар. Балалар ойнайтын алаңдар, суға шомылатын жер, тіпті дастархан жайып ас—ауқат ішетін шатырлар жасалған. Айналасы жасыл желек, жанында Ертіс ағып жатыр. Қаланың күйбең тіршілігінен бір сәт тынығу үшін бұдан артық не керек? – дейді Қоблан Дәулетұлы.

ӨСІМДІКТЕРДІҢ 500-ДЕН АСТАМ ТҮРІ ӨСЕДІ

Бұл этноауыл – Солжағалау кешенінің құрамындағы ерекше әрі мәдени маңызы зор нысандардың бірі. Ол – тек туристік немесе көрме нысаны емес, Қазақстан халқының бірлігі мен мәдени әртүрлілігін бейнелейтін шынайы этнографиялық макет және Қазақстан халқы Ассамблеясының рухани-мәдени саясатына сай құрылған жоба.Этноауыл елдегі ұлтаралық татулық пен келісімнің нақты көрінісі.Былайша айтқанда, «Қазақстанның шағын макеті» деуге болады.Этноауылдың авторы – биыл өмірден озған Өскемен қаласының Құрметті азаматы Николай Зайцев. Оның табандылығы мен қажырлы еңбегінің арқасында осы сәулеттік-этнографиялық және табиғи-ландшафтық кешен-қорық құрылып, ел игілігіне айналды. Николай Зайцевтің еңбегі мәдени жаңғыру деуге әбден лайық.

\"\" Кешен аумағы шамамен 120 гектар. Мұнда 500-ден астам өсімдік түрі өсіріледі, оның 300-ге жуығы – сирек кездесетіндер қатарынан. Саябақты арнайы шағын пойызбен аралауға болады.

ТӘЖІК ҮЙІ БОЙ КӨТЕРЕДІ

Этноауыл 7гектардай жерді алып жатыр. Оның орталығында – дәстүрлі қазақ киіз үйі орналасқан. Сондай-ақ қазақ халқының отырықшылық дәуіріндегі тас үй көшірмелері де бар. Бұл үйлерді күтіп ұстайтын арнайы қызметкерлер бар.

Әр қонысжай – сол ұлттың тұрмыс-салты мен мәдениетінің көрінісі. Мәселен, кәріс халқының үйінде бау-бақша, егіншілік құралдары кездессе, орыс үйінде мал шаруашылығына қатысты заттар бар. Ал мына «глагол» деп аталатын үй – бай адамның баспанасы. Біз үйлердің тазалығын қадағалап, экспонаттардың бүтіндігін сақтаймыз. Жақында көкөніс егеміз, кейін өнімді хайуанаттар бағының жануарларына береміз, – деді мұражай-қорық қызметкерлері.

Этноауылда қолөнершілер көрмесі, дәстүрлі ән кештері, ұлттық тағамдар жәрмеңкесі, мәдени фестивальдер жиі ұйымдастырылады. Келушілер экскурсия жүргізушілердің көмегімен әр үйдің тарихымен, тұрмысымен таныса алады.

Мұражай-қорық аумағында жыл сайын көктемде тазалық акциясы өткізіліп, оған Солжағалау кешенінің қызметкерлері мен қала тұрғындары белсене қатысады.

Биыл этноауыл тағы бір халықтың қонысжайымен толығатын болды. Былтыр 1 мамыр күні өткен мерекелік шарада тәжік этносының өкілі облыс басшылығынан өз ұлтына арналған үй салу үшін жер телімін сұраған. Облыс әкімі бұл ұсынысты оң қабылдап, этноауылдың кеңеюіне қолдау білдірді. Бүгінде тәжік үйі орналасатын жер бөлініп, құрылыс жұмыстары басталып кеткен.

 Фото: F16.kz; gov.kz

БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

ШҚО-да «Ашық қабылдау» акциясы ұйымдастырылды

ШҚО-да «Ашық қабылдау» акциясы ұйымдастырылды

23.06.2025, 21:37
«Мұндай жарыс кімге керек?» – Өскемен тұрғындары наразы

«Мұндай жарыс кімге керек?» – Өскемен тұрғындары наразы

23.06.2025, 16:19
Әкесі мен ұлы Ертіске батып кете жаздады – Өскемен

Әкесі мен ұлы Ертіске батып кете жаздады – Өскемен

23.06.2025, 14:25
Сабантой мерекесі дүркіреп өтті – Өскемен

Сабантой мерекесі дүркіреп өтті – Өскемен

23.06.2025, 11:59

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ШҚО-да «Ашық қабылдау» акциясы ұйымдастырылды

23.06.2025, 21:37

Қара Ертіске батып кеткен үшінші адамның денесі табылды

23.06.2025, 18:08

Құны 10 млрд теңге болатын жобаның бұзылуына жол берілмеді – ШҚО Прокуратурасы

23.06.2025, 17:46

Еуропа Кеңесі Қазақстанның құқықтық көмек көрсетуге қосылуын мақұлдады

23.06.2025, 17:32

Ауылдарға жылжымалы медициналық кешендер барады

23.06.2025, 17:03

Қара Ертіске батып кеткен екі адамның денесі табылды

23.06.2025, 16:40

«Мұндай жарыс кімге керек?» – Өскемен тұрғындары наразы

23.06.2025, 16:19

Бір күні басып қала ма деп қорқамыз – Тарбағатайда мүгедектігі бар азамат апатты үйде тұрып жатыр

23.06.2025, 15:58

Шекара түбіндегі Ақаралға ұялы байланыс пен интернет тартылды

23.06.2025, 15:28

Қытайдан Қазақстанға келушілер қатары арта түсті

23.06.2025, 14:44

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2025. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2025. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған