Бүгін Өскеменде тағы метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды F16.kz тілшісі.
2 мамыр күні Өскемен қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай сақталады, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Фото: F16.kz/жасанды интеллект