Өскеменде ертең Ұлы Жеңіс күніне арналған іс-шараларға байланысты бірқатар көшелерде көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды F16.kz тілшісі.
Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, сағат 08:00-ден 22:00-ге дейін келесі көшелер жабылады:
- Славский жағалауы (Лихарев көшесінен Даңқ мемориалына дейін);
- Протозанов көшесі (Крылов көшесінен Даңқ мемориалына дейін).
Сондай-ақ Ұлы Отан соғысының және ішкі істер органдарының ардагері Құрмат Рахимовтың құрметіне арналған муралға гүл қою рәсіміне байланысты сағат 08:00-ден 10:00-ге дейін Қазыбек би даңғылы бойында қозғалыс шектеледі.
- Сәтпаев даңғылынан Утепов көшесіне дейінгі аралық.
Фото: gov.kz