Шығыс Қазақстан облысында зейнеткердің атына заңсыз несие рәсімдеген күдікті ұсталды, деп хабарлайды F16.kzPolisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қазір құқық қорғау қызметкерлері 37 жастағы күдіктіні анықтады және ол жасаған әрекетін мойындады. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Полиция қызметкерлері тұрғындарға өз телефонын ешкімге бермеуді, жеке деректердің қауіпсіздігін қадағалауды және өте сақ болуды ескертеді.
Фото: F16.kz/жасанды интеллект