F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Өскеменде халықаралық конференция өтіп жатыр

admin_f16 admin_f16
15.05.2025, 14:00
Өскемен

Өскеменде «Жұмыс орындарында отбасына қолайлы саясатты нығайту» атты халықаралық конференция басталды. Отбасы күніне орайластырылған аталмыш іс-шара Дәулет Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың бас ғимаратында өтіп жатыр, деп хабарлайды F16 тілшісі.

Облыс әкімдігі, сондай-ақ Мәдениет және ақпарат министрлігінің мұрындық болуымен ұйымдастырылған конференцияның негізгі мақсаты – еңбек өнімділігі мен сапасына және экономиканың тұрақтылығына әсер ететін негізгі институт ретінде отбасын қолдау мәселелері бойынша мемлекет, жұмыс берушілер, кәсіподақтар мен сарапшылар қауымдастығы арасында жүйелі диалог орнату. Бұл туралы жиында баяндама жасаған Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, еңбек және кәсіподақ құқығы саласының сарапшысы Бибігүл Ағыбаева айтты.

Қазір біздің қоғамда өзекті екі мәселе бар. Оның бірі отбасына, екіншісі еңбекке қатысты даулар. Бүгінгі идеологиялық маңызға ие іс-шара Мемлекет басшысының осы бағыттағы саясатына орай және оны жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Жалпы, кез келген мемлекеттің ең үлкен байлығы адамы екені белгілі. Сол себепті, біз әрбір еңбек адамына, әр қызметкерге өзі міндетін адал әрі сапалы орындаудың қаншалықты маңызды екенін түсіндіре білуіміз керек. Қарапайым мысал, егер адам өзіне жүктелеген міндеттерді мінсіз орындайтын болса, онда жалақысын да уақтылы әрі толық мөлшерде алатыны сөзсіз. Тіпті, үстемақы мен сыйақыға да ие болуы мүмкін. Сол арқылы, адам өзінің кішігірім мемлекеті – отбасының жағдайын нығайтады. Жасырыны жоқ, кез келген адам ең алдымен өз отбасының, бала-шағасының әл-ауқатын жақсарту үшін жұмыс істейді. Былайша айтқанда, егер адамның жұмысында бәрі жақсы болса, онда отбасындағы ахуал да ойдағыдай болады, – деді Б.Ағыбаева.

Айта кетейік, бүгінде Шығыс Қазақстанда жұмысшыларының отбасыларына жан-жақты қолдау көрсетіп жатқан жұмыс беруші кәсіпорын аз емес. Соның бірі – «Aitas Agro» ЖШС. Агроөнеркәсіп саласында қызмет көрсететін бұл компания жұмысшыларының отбасылық мәселелеріне бейжай қарамайды. Кәсіпорынның стратегия және маркетинг бойынша директоры Әлия Сванованың айтуынша, «Aitas Agro» маманадарының жұмыс уақыты өздеріне ыңғайлы етіп жасалған. Сондай-ақ компания басшылығы жұмысшыларының отбасындағы айтулы оқиғалардан да тыс қалмауға тырысады. Той-томалақтарын өткізуге атсалысады. 

Мұның бәрі жұмыс өнімділігін де оң әсерін тигізеді, – деді Әлия Сванова.

Бір күндік конференцияға мемлекеттік органдардың мамандары, халықаралық серіктестер, ірі жұмыс берушілер, HR-директорлар, кәсіподақтар, қызметкерлер қауымдастықтары және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысып жатқанын айту керек. Сонымен бірге, онлайн форматтағы жиынға шетелдік сарапшылар да қатысуда. Іс-шара қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдар мен жұмыс берушілерге арналған ұсыныстары бар резолюцияға қол қойылады деп жоспарланған.

Нұржан Кенжеұлы

Фото: Тілеубек Шаяхмет

БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Өскемендегі Абай ескерткіші жаңартылып жатыр

Өскемендегі Абай ескерткіші жаңартылып жатыр

17.06.2025, 17:02
Өскеменде қымызмұрындық тойланады

Өскеменде қымызмұрындық тойланады

17.06.2025, 16:43
Өскемендегі гинекология бөлімшесіне күрделі жөндеу жүргізілді

Өскемендегі гинекология бөлімшесіне күрделі жөндеу жүргізілді

17.06.2025, 12:07
«Өскемен» аллеясы абаттандырылатын болады

«Өскемен» аллеясы абаттандырылады

16.06.2025, 17:54

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Шығыстың мерген қызы Ажар Төлеуқанова ел чемпионатында топ жарды

17.06.2025, 18:00

200-ден астам жаңа мектеп салынады

17.06.2025, 17:56

Күршімдегі санитарлық-гигиеналық тораптар қашан пайдалануға беріледі?

17.06.2025, 17:11

Өскемендегі Абай ескерткіші жаңартылып жатыр

17.06.2025, 17:02

Өскеменде қымызмұрындық тойланады

17.06.2025, 16:43

Қазақстан құрамасы хоккейден халықаралық турнирде жеңіске жетті

17.06.2025, 16:05

ШҚО делегациясы Қытайдағы цифрлық технологиялар форумына қатысып жатыр

17.06.2025, 15:47

Күршім ауданында жаңа туристік аймақ құрылады

17.06.2025, 15:00

Қазақстан Қытайға 1500 киік сыйға тартты

17.06.2025, 14:58

Спорт жұлдыздары ашық аспан астында жаттығу өткізеді – Өскемен

17.06.2025, 14:03

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2025. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2025. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған