«Шығыс Жылу» АҚ биылғы 26-29 мамыр аралығында Өскемендегі Назарбаев даңғылының бір бөлігінде жылу желілеріне жөндеу жүргізеді. Соған байланысты бұл учаскеде көлік қозғалысына шектеу қойылады, деп хабарлайды F16.kz.
Атап айтқанда, 26-29мамыр аралығында №8 және №10 үйлер арасында екі жолақ жабылады, үшінші жолақ ашық қалады.
26—27 мамыр күндері 8.00-ден 18.00-ге дейін №12 және №14 үйлер арасында екінші жолақ жабылады, қалған жолақтар бос болады.
Жылумен қамту мекемесі келтірілген қолайсыздықтар үшін қала тұрғындары мен қонақтарынан кешірім сұрайды және аталған бағытта жүргенде кептеліс туындатпау үшін сапарды алдын ала жоспарлауға кеңес береді.
Жылу желісінің бұл учаскесін жаңарту тұтынушыларды сенімді және тұрақты жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Фото: F16.kz