Бүгін Өскемен жоғары медициналық колледжінде «Жастар және құқықтық тәртіп» тақырыбында құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатысуымен кездесу өтті, деп хабарлайды F16.kz.
Ондағы негізгі мақсат – жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және жастарды жауапкершілікке тәрбиелеу.
Кездесу барысында студенттер құқық қорғау саласының мамандарымен ашық диалог жүргізіп, өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды.
Бұл іс-шара Президенттің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылғанын атап өткен абзал.
Фото: @oskemen_police