Бүгінде Зайсан ауданының бір қаласы мен тоғыз ауылында тұратын 27,7 мың тұрғын орталықтандырылған газбен қамтамасыз етілген. Бұл аудан халқының 78 пайызы, деп хабарлайды F16.kz.
Кейінгі тоғыз жылда ауданның елді мекендерін көгілдір отынмен қамтамасыз етуге 4,3 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалған.
Сонымен қатар аймақ басшысы Энергетика министрлігімен бірге Зайсан өңіріндегі Сарыбұлақ кен орнын жіті барлау мәселесін қарастырып жатқанын тілге тиек етті.
Жергілікті жұрт кездесуде ауданның қалған ауылдарына, яғни жоспарланған елді мекендерге газ тарту мәселесін көтерді. Облыс әкімі жұмысты ары қарай жалғастыру үшін газбен жабдықтаудың баламалы көзін анықтау қажет екенін жеткізді. Бұл мәселе Энергетика министрлігінің қарауына жолданған.
Фото: F16.kz