Бүгін ШҚО әкімі Ермек Көшербаев Үлкен Нарын ауданының тұрғындарымен кездесті.
Аймақ басшысы жаңа тағайындалған аудан әкіміне сәттілік тілей отырып, ауданда өндіріс саласын дамыту керектігін айтты, деп хабарлайды F16.kz cайты.
— Ет өнімдері сыртта емес, өз ішінде өндірілуі керек. Етті арзан бағаға тапсырғанша, өздеріңіз сол етті бұқтырып, консервілеп, сатсаңыз, сол тиімді. Ал біз кәсіпкерлерге әрқашан қолдау көрсетеміз, — деді облыс басшысы.
Айта кетерлігі, Үлкен Нарын ауданы — ауыл шаруашылығы шалқып отырған өңір.