F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

«Бұл елдің иесі жоқ па?!»: белгілі ғалым табиғатқа араша сұрап дабыл қақты

F16 F16
29.07.2025, 14:31
Жаңалықтар, Марқакөл, Шекаралық аудан
Фото: видеодан алынған кадр

Фото: видеодан алынған кадр

Марқакөл ауданында кен іздеген компаниялар табиғаттың тас-талқанын шығарып, Қалжыр өзенін ластап жатыр. Бұл туралы Facebook әлеуметтік желісінде белгілі ғалым, тарихшы, жазушы Тұрсынхан Зәкенұлы жазды, деп хабарлайды F16.kz.

Тас-талқан табиғат, пайда іздеген жеке компаниялар! Бұларды тексеретін, қой дейтін біреу бар ма? Қайда табиғат қорғау мекемелері, қайда облыс басшылары? Осы алтын мемлекет қазынасына құйылып жатса бір сәрі, қайдағы бір көлденең көк аттылардың пайдасына кетіп жатыр. Бұл недеген масқара, ағайын!? Бұл елдің иесі жоқ па?! – деп күйінген жазушы Зәкенұлы Парламент Мәжілісінің депутаты Ерлан Сайыровтан мәселенің мән-жайын анықтауды сұрады.  

Әлеуметтік желіде тараған жазбамен бірге Тұрсынхан Зәкенұлы бейнебаянды қоса жариялады. Онда бейнебаян авторы былай дейді: «Міне Қалжырдың тура шетінде алтын қазып жатыр. Екі бассейн бар. Бассейннен аққан су көпір арқылы Қалжырға қосылады. Бір айда насты Қалжыр неге лай десек, осыдан екен. Қаншама «КАМАЗ», экскаватор, жүк тиегіш тракторлар мен ховалар жүр. Рұқсат құжаттарыңды көрсет десек көрсете алмайды, бір-біріне сілтейді».

Желі қолданушыларының қызу талқысына түсіп, көптің наразылығын туғызған Қалжыр өзеніндегі жағдайға байланысты Марқакөл ауданының әкімдігі жауап берді.

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалған. Экологиялық залалды анықтау мақсатында аталмыш қылмыстық істен іс-құжаттар жеке өндіріске бөлініп, ШҚО бойынша экология департаментіне жолданған. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасуда, – деп жазды аудан әкімдігі.

Шығыс Қазақстан облысының Марқакөл ауданы 2023 жылы Президент Қасым‑Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен қайта құрылған. Бүгінде Мемлекет басшысы шекаралық аймақтарды дамытуға ерекше мән беріп, Үкіметке және жергілікті атқарушы билікке нақты міндеттер жүктеген-ді.

Тегтер: F16кен қазуҚалжырМарқакөл ауданыШҚОЭкология
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51
«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10
ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01
8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

Аi-Sana: Қазақстандық студенттер 440-тан астам ЖИ-жоба әзірледі

08.07.2026, 16:09

ШҚО өңірлік мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығына жаңа басшы тағайындалды

08.07.2026, 14:05

Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы

08.07.2026, 13:09

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

08.07.2026, 12:00

ШҚО-да туристік бағыттардағы жолдар жаңартылып жатыр

08.07.2026, 11:42

Өскеменде 136 отбасы жаңа пәтердің кілтіне ие болды

08.07.2026, 10:03

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған