F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Өскемендегі 600 орындық мектептің құрылысы аяқталуға жақын

Nurjan Kenjeuly Nurjan Kenjeuly
20.08.2025, 14:46
Білім мен ілім, Жаңалықтар, Құрылыс, Өскемен
Өскемендегі 600 орындық мектептің құрылысы аяқталуға жақын

Фото: egemen.kz

Өскеменнің Есенберлин даңғылында салынып жатқан жаңа мектептің құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Бұл туралы бүгін өткен Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің мәжілісінде белгілі болды, деп хабарлайды F16.kz тілшісі.

Жиында баяндама жасаған облыстық Білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жанғазы Әліпбаевтың айтуынша, 600 орындық жаңа мектептің құжаттары рәсімделсе, білім ордасы қыркүйекте есігін айқара ашпақ.

Аталмыш білім ордасы «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынып жатқанын айту керек. Жалпы, Шығыс Қазақстанда «Келешек мектептері» жобасы аясында 3 мың орынға арналған 7 мектептің құрылысы жүріп жатса, оның 6-ы бойынша пайдалануға беру актілері қабылданған. Бүгінде мұндай актісі жоқ бір-ақ мектеп қалды. Және ол – жоғарыда аталған Өскемендегі №41 мектеп.

Білім басқармасынан хабарлағандай, алдағы бір-екі күнде бұл мектептің актісі де дайын болады. Одан кейін білім беру қызметіне лицензия алу жұмыстары басталуға тиіс.

– Кеше ғана құрылыс жұмыстарының барысымен танысып қайттық. Жұмыстардың негізгі бөлігі аяқталып қойған. Тек бірінші қабаттағы құрал-жабдықтарды орнату жұмыстары ғана қалыпты. Жалпы, жаңа мектептің директоры тағайындалып қойды, кадрларды қабылдау жүріп жатыр, балалардың тізімі дайын. Мектеп қыркүйекте жұмысын бастайды, – деді Жанғазы Әліпбаев.

Оның айтуынша, жаңа мектепке бірінші кезекте сол аудандағы тұрғын үйлердің балалары қабылданады. Сонымен қатар №46 мектептен ауысатын балалардың да үлесі жоғары.

– Әзірге мектеп бір ауысымда жұмысы істейді. Кейін балалар санының артуына қарай екі ауысымдық жұмыс кестесіне де көшуі ықтимал. Тағы бір айта кетер жайт, мектептің жанынан жол үстімен өтетін жаяу жүргіншілер көпірі де бой көтереді. Бұл – балалар қауіпсіздігі үшін аса қажет нәрсе, – деді Білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы.

Жиынға төрағалық еткен облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мен Өскемен қаласы әкімдігіне Есенберлин даңғылының бойымен өтетін жаңа автобус маршруттарын ашу немесе бар маршруттардың бағыттарына өзгеріс енгізу жөнінде тапсырма берді. Сондай-ақ көшені жарықтандыру мәселесі де назардан тыс қалмауы керек екенін айтты.

Тегтер: F16Келешек мектептеріӨскеменШҚО әкіміШҚО білім басқармасы
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Өскеменде ауа ластанады

Өскеменде қолайсыз метеорологиялық жағдай сақталады

09.09.2026, 16:07
ШҚО әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

ШҚО әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

09.09.2026, 14:01
Жаз басталғалы 10 адам суға кеткен – ШҚО

Су айдындарында қауіпсіздік талаптарын бұзған 102 адам жауапқа тартылды — ШҚО

09.09.2026, 11:25
ШҚО-да 13,6 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды

ШҚО-да 13,6 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды

09.09.2026, 10:11

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Өскеменде қолайсыз метеорологиялық жағдай сақталады

09.09.2026, 16:07

ШҚО әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

09.09.2026, 14:01

Су айдындарында қауіпсіздік талаптарын бұзған 102 адам жауапқа тартылды — ШҚО

09.09.2026, 11:25

ШҚО-да 13,6 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды

09.09.2026, 10:11

Тарбағатайда заманауи балық өңдеу кешені салынады

08.09.2026, 17:08

ШҚО-да «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» кітабы талқыланды

08.09.2026, 16:09

Жаңа жоба: өскемендік оқушылар логопедтердің жұмысын жеңілдетпек

08.09.2026, 15:08

«Кітап оқитын ұлт» марафонына тіркелу басталды — ШҚО

08.09.2026, 14:04

ШҚО-дағы экосаябақтарда қандай жұмыс атқарылып жатыр?

08.09.2026, 11:46

Агроөнеркәсіптік кешенге 26 млрд теңге инвестиция тартылды — ШҚО

08.09.2026, 10:20

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған