F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Өрттен кейінгі үміт: Уварово тұрғындарына заманауи медицина қайта оралды

F16 F16
29.01.2026, 10:32
Біздің медицина, Глубокое, Жаңалықтар
Фото: F16.kz

Фото: F16.kz

Глубокое ауданы Уварово ауылының халқы көп жыл бойы сапалы медициналық көмекке толық қол жеткізе алмай келді. Өйткені 1999 жылы фельдшерлік-акушерлік пунктте болған өрттен кейін медицина қызметкерлері жалға алған ғимаратта жұмыс істеуге мәжбүр болды. Онда толыққанды қызмет көрсетуге қажетті жағдай жоқ еді. Тіпті әкімдік ғимаратында да уақытша отырды. Былтыр жаңа медицина мекемесі іске қосылып, дәрігерлер мен ауыл тұрғындарының тынысы ашылды, деп хабарлайды F16.kz.

2023 жылы ауданда салынатын медицина нысандарының тізімі бекітіліп, оған Уварово ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пункт те енгізілді. Ол «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық бағдарламасы аясында бой көтерген алтыншы медицина нысаны болды.

Фото: F16.kz

2025 жылы жаңа ФАП пайдалануға беріліп, тиісті лицензия алынды. Осылайша, ауыл тұрғындары ресми әрі лицензиясы бар медициналық көмек алу мүмкіндігіне ие болды. Қазір мұнда 1100 адам тіркелген. Олардың ішінде бір жасқа дейінгі 15 бала, 10 мүгедектігі бар азамат және тоғыз жүкті әйел бар. Сонымен қатар қант диабетімен ауыратын 46 науқас және артериялық гипертензиясы бар 155 адам есепте тұр, – деді Гглубокое аудандық ауруханасының бас дәрігері Мирхат Увазыров.

Амбулаторияда барлығы жеті кабинет жұмыс істейді. Олардың қатарында балаларды қабылдау кабинеті, ересектерге арналған қабылдау бөлмесі, физиотерапия кабинеті, акушер кабинеті, дәріхана, егу және процедуралық кабинеттер бар. Бұдан бөлек, туберкулезге күдік болған жағдайда қақырық тапсыруға арналған арнайы жабдықталған бөлме қарастырылған.

Фото: F16.kz

Бұл бөлмеде науқастардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шарасы жүргізіледі. Пациент қақырық тапсырғаннан кейін автоматты түрде желдету жүйесі қосылып, бактерицидті шам жұмыс істейді. Мұның бәрі басқа келушілерді қорғауға мүмкіндік береді, – деп түсіндірді Мирхат Увазыров.

Фото: F16.kz

Жаңа фельдшерлік-акушерлік пункттің жұмысына ауыл тұрғындары да, медицина қызметкерлері де дән риза.

Бұрын бір кабинетте балалармен бірге ересектерді де қабылдауға тура келген. Қазір заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған, әртүрлі жағдайдағы науқастарға арналған жеке кабинеттер бар. Бұл өзгерістер медициналық қызметтің сапасын айтарлықтай жақсартты, – деді медицина қызметкері Галина Мелентьева.

Сонымен қатар фельдшерлік-акушерлік пункт жанынан ақылы дәріхана ашылып, ауыл тұрғындарының қажетті дәрі-дәрмекке қол жеткізу мүмкіндігі артты.

Тегтер: F16Ауыл медицинасыГлубокое ауданыденсаулық сақтауұлт саулығыФАП
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы

08.07.2026, 13:09
Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

08.07.2026, 12:00
ШҚО-да туристік бағыттардағы жолдар жаңартылып жатыр

ШҚО-да туристік бағыттардағы жолдар жаңартылып жатыр

08.07.2026, 11:42
Өскеменде 136 отбасы жаңа пәтердің кілтіне ие болды

Өскеменде 136 отбасы жаңа пәтердің кілтіне ие болды

08.07.2026, 10:03

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы

08.07.2026, 13:09

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

08.07.2026, 12:00

ШҚО-да туристік бағыттардағы жолдар жаңартылып жатыр

08.07.2026, 11:42

Өскеменде 136 отбасы жаңа пәтердің кілтіне ие болды

08.07.2026, 10:03

«Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі»: фестивальге жан-жақты дайындық жүріп жатыр

08.07.2026, 09:16

Еліміздегі ең ұзын бойлы түлек Amanzholov University-ді тәмамдады

07.07.2026, 18:11

Бірқатар лауазымды тұлғалар қайта тағайындала немесе қайта сайлана алады – Конституциялық Сот

07.07.2026, 15:56

Катонқарағайда халықтық спорт ойындары басталды

07.07.2026, 15:09

Қазақстандықтардың 87%-ы елдің саяси бағытын қолдайды

07.07.2026, 13:08

Жылыту маусымына дайындық: Өскеменде әлеуметтік көмір сатылып жатыр

07.07.2026, 11:50

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған