ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі әлеуметтік желілерде тарап жатқан «АвтоЖол+» деп аталатын жеңілдетілген автонесиелеудің жаңартылған бағдарламасы жөніндегі ақпарат шындыққа жанаспайтынын ескертеді, деп хабарлайды F16.kz тілшісі.
– Министрлік бұл хабарламада көрсетілген шарттармен (автокөлік құнының 10%-дан 50%-ға дейінгі бөлігі субсидияланады, жылдық 2%-дан басталатын несие мөлшерлемесі, бастапқы жарнаның болмауы және т.б.) бағдарламаның іске қосылғаны жөнінде ресми мәлімдеме жасаған жоқ, – деп жазады министрліктің баспасөз қызметі.
Мамандар аталған ақпарат жалған әрі алаяқтық мақсатта жасалған болуы мүмкін екенін ескертеді. Сондай-ақ, министрлік өкілдері азаматтарды сақ болуға, күмәнді сілтемелерге өтпеуге, жеке деректерін тексерілмеген сайттарға енгізбеуге, тек ресми дереккөздерде жарияланған ақпаратқа сенуге шақырады.




